13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Бағдат Үйсінбай : Халықтың әлеуметтік жағдайы басты назарда болуы тиіс. ПРАЙМЕРИЗ – 2020

20 августа, 2020
in Билік
0
Бағдат Үйсінбай : Халықтың әлеуметтік жағдайы басты назарда болуы тиіс. ПРАЙМЕРИЗ – 2020
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласынан праймеризге қатысып жатқан журналист әрі Nur Otan партиясының белсенді мүшесі Бағдат Үйсінбай тілдесу барысында айтты.

Оның айтуынша, праймериз — белсенді және бастамашыл азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыру үшін маңызды сайлау.

Nur Otan партиясы ел тарихында алғаш рет партияішілік сайлауды праймериз ретінде, яғни жаңа форматта өткізгелі отыр. Бұл шешім қоғамның өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу, елдің дамуын талқылау үшін жасалып жатыр. Өз басым бұл мәселені қолдаймын. Онда барлығы ашық, айқын өтеді және таңдау онлайн, оффлайн өткізіледі деп жатыр, — дейді ол.

Бағдат әрдайым жастармен тығыз жұмыс істейтін болғандықтан негізінен осы жастардың мәселесін көтеріп, ұсыныстар айтқысы келетінін жеткізді. 

Өзімнің басты ұстанымым жалпы жастар жағы болсын, үлкендер болсын халқыма қызмет еткім келеді. Жастар елдің болашағы, олардың жарқын өмір сүруі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауда. Дей тұрғанымен жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамту мәселесіне көп көңіл бөлу қажет деп ойлаймын. Осы тұста қарапайым ережелерді ұстана отырып, аталған мәселелерді оңай шешу жолдарын ойластыру керек. Мәселен, жұмыссыздықты шешу үшін орта білім алған жастарға тағы бір мүмкіндік қарастарып, олардың жоғары білім алуына жағдай жасау маңызды. Яғни, мемлекеттік гранттар бөлу қажет. Ал жоғары оқу орындарын бітірген жастарды білімін жетілдіру үшін шетелге жіберіп, тәжірибелерін арттырып, алған білімін ел игілігіне жұмсауға барынша жағдай жасау керек, — дейді Бағдат Үйсінбай. 

Сонымен қатар, белсенді елдегі әлеуметтік жағдай бойынша да көптеген ұсынысы бар екенін айтты.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында әрбір туған балаға берілетін жөргекпұлдың мөлшерін 100 АЕК мөлшеріне дейін көтерсек деген ой бар. Бала туған кезде күтіміне берілетін көмекті 3 жылға дейін созсақ, зейнетке шығу жасын төмендету бойынша да мәселе көтерсек деп отырмын. Дәрігерлердің жалақысын көтеру, елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсарту сияқты ұсыныстарымыз бар. Одан бөлек, еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында да ұсыныстарымыз бар, — дейді ол. 

Оның айтуынша, жемқорлықтың алдын алмайынша елдің дамуы тежеле береді. Оны құрту үшін адамға ең бастысы білім керек. Сол үшін жастарды білімге, алға ұмтылуға, жаңаша инновациялық мәселелермен айналысуына көптеп көңіл бөлу керегін айтты.

www.baq.kz

Tags: 13kz13kz.kz13кзНұр ОтанПраймериз
Previous Post

Коронавирусқа қарсы 140 мың дана дәрі - дәрмек жеткізілді

Next Post

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі