13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Коронавирусқа қарсы 140 мың дана дәрі — дәрмек жеткізілді

20 августа, 2020
in Денсаулық
0
Коронавирусқа қарсы 140 мың дана дәрі — дәрмек жеткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы коронавирустың күзде болуы мүмкін екінші толқынына қарсы күреске дайындалуда. Бұл мақсатта дәрі-дәрмек қоры жасақталуда. Түркия елінен сатып алынып жеткізілген дәрілік заттар ішінде осельтамивир, азитромицин, эноксипарин, ривароксабан, меропенем, рокурония бромид секілді 140 мың дана препарат бар. Атап өтейік, 253 млн. теңгеге алынған дәрі-дәрмек легі инфекциямен күресте құрылған облыстық арнайы қорға жеткізіліп, қоймада сақталады.
«Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауруханалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры толықтырылуда. Бүгін антикоагулянттар, антибиотиктер және өкпені жасанды желдету кезеңінде науқастың жағдайын жеңілдетуге арналған препараттар жеткізілді. Аталған дәрілік заттар 2023 ж. жарамды. Күзде коронавирустың екінші толқыны өтуі мүмкін деген болжам бар. Сол себепті біз қазір арнайы дәрілік қор жасақтаудамыз. Қазіргі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 3193 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, оның 85%-ы бүгінгі таңда жазылып шыққан», деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов.
Тағы бір жағымды жаңалық — облыстағы медициналық жедел-жәрдем қызметінің жұмысын жеңілдету мақсатында «Каспий банк» және «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры гуманитарлық көмек ретінде 20 «Chevrolet Damas» көлігін тарту етуде. Портативті жасанды өкпе желдеткіші, дефибриллятор, пульсоксиметр, ЭКГ құрылғысы орнатылған медициналық жедел-жәрдем көліктері облыстағы аудан, қалалардың ауруханаларына тарту етіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Туркестан: Чемпион мира примет участие в праймеризе

Next Post

Бағдат Үйсінбай : Халықтың әлеуметтік жағдайы басты назарда болуы тиіс. ПРАЙМЕРИЗ – 2020

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі