13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңі ашық форматта өтті.

Конкурстың әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім арқылы жарияланды. Үміткерлерден тікелей көрсетілім жасауға келісім алынды. Конкурстың қорытынды кезеңін 2 мыңға жуық адам тікелей эфирде тамашалады.

Ашықтық ұстанымындағы конкурста үміткерді бағалау ашық дауыс берумен жүргізіледі.

Бүгінгі әңгімелесуге 13 мекемеге 26 үміткер қатысты. Нәтижесінде, 10 мекеменің бірінші басшылары тағайындалды. Оның біреуі конкурсқа келмеді. Ал екеуі әңгімелесу кезеңінде комиссия мүшелерінің шешімімен өтпеді.

Тағайындау конкурсының комиссия мүшелері де жаңадан толықты. Қазіргі таңда, “Әңгімелесу” кезеңінде 15 комиссия мүшесі бар. Бүгінгі конкурста жаңадан білім саласының ардагері Баян Жолдасова, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, “Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы” Түркістан облыстық филиалының төрайымы Инара Намазбаева, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры, белгілі айтыскер Бекарыс Шойбековпен толықты.

Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың «Әңгімелесу» кезеңінде бақылаушылар да қатысты.

Жалпы өңірдің білім беру жүйесінде осындай жаңашылдықтар арқылы әділдік пен ашықтыққа бағытталған бастамалар жүзеге асуда. Алдағы уақытта да бұл процестерді жетілдіре түсу көзделіп отыр. Бұл орайда, жариялылық, ашықтық, адалдық — білім беру жұмысындағы негізгі қағидаттар. Қазіргі таңда өңірде әлі де бос тұрған орындар бар. Келесі бос тұрған орындарға конкурс жариялау, тиісті процестерді өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға ауысты

Next Post

Түркістан облысында 1 534 адамды кене шаққан

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі