13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Менің гүлді аулам» байқауына өтінім беру жалғасуда

28 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
«Менің гүлді аулам» байқауына өтінім беру жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі көпқабатты үйдің тұрғындары осы байқау арқылы аулаларын гүлдермен көмкеруге арналған креативті жобаларын жүзеге асыра алады.

Аулалар арасындағы сайыс Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Ең басты шарттың бірі – гүлдердің 25 пайызы қызғалдақ болуы қажет. Қатысушылар ауланы көгалдандыру, ағаштарға күтім жасаудағы тың тәсілдер, көпжылдық гүлдерді отырғызудағы дизайн жағынан әрлеуде түрлі әдістерді қолданып, байқаудың тақырыбын ашу керек. Сонымен қатар, суару жүйесі мен гүлзарларға күтім жасаудың оңтайлы шешімін табуы, минералды тыңайтқыштарды қолдану және жалпы сметалық шығыс есептелуі тиіс.

Байқаудың жеңімпаздары қомақты сыйақымен марапатталады. Атап айтқанда, 1 орынға – 3 млн теңге, 2 орынға – 1 млн, 3 орынға – 500 мың теңге беріледі.

Жеңімпаздар әр ауданнан бөлек-бөлек таңдалып, қаладағы Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарынан үш жеңімпаздан анықталады. Қазылар алқасы тұрғындардың жобасын саралап, тиісті бағасын береді.

Конкурсқа өтінім беру 2022 жылдың 1 қазанынан басталған. Жеңімпаздар биылғы жылдың сәуір айында белгілі болады. Толық ақпарат алу үшін «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының +7 701 102 17 17, +7 702 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Өтінім «visit-shymkent.kz» сайты арқылы жолданады.

«Шымкент келбеті»

Tags: 13kz13kz.kz13кзМенің гүлді ауламШымкент
Previous Post

Бір кандидат мәжіліс пен мәслихат депутаттығына қатар таласа алады - ОСК

Next Post

«AMANAT»: Шымкенттік зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділеріне басым бағыттар түсіндірілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі