Қызылша аурушаңдығы соңғы рет өңірде 2020 жылы тіркелген. Ауа тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция көбіне балалар арасында жиі кездеседі. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды. Яғни, қызылшаға шалдыққан адамда алғашқы кезеңде дене қызуының көтерілуі, көздің қабынуы, жөтелдің пайда болуы, ауыз қуысының қабынуы, ауыздың шырышты қабығында дақты-папулалық бөртпелер шығады. Бұдан соң 2-3 күн өткенде құлақта және мойында, бет пен денеде, аяқ-қолдарда бөртпелер пайда болады. Жалпы бұл инфекциямен ауырғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасады. Қызылша аурушаңдығының эпидемиялық маусымы күз-көктем мезгілдері болып табылады. Қазіргі таңда алыс-жақын шетелдерде қызылша аурушаңдығы бойынша эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Қазақстан аумағында да қызылша инфекциясы тіркелуде. Аурудың алдын алу үшін оған қарсы вакцина бар. Елімізде екпе күнтізбесі бойынша қызылша, қызамық, паротит инфекцияларына қарсы екпе 1 жаста салынады және 6 жаста ревакцинация жүргізіледі. Қызылшаға қарсы вакцинаны алмаған адам науқаспен байланыста болған жағдайда және жасы 30 ға толмаған азаматқа ҚР ДСМ 2021 жылғы №13 бұйрығына сәйкес қызылшаға қарсы екпе салынады. Сондай-ақ, бұл вирус сыртқы ортаға төзімді болмағандықтан ауру ошақтарында дезинфекция шаралары жүргізілмейді.
Аурудың алдын алу үшін:
-Қызылшаға қарсы қарсы екпе алу:
-Бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау;
-Халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру көмектеседі; -Қоғамдық орындарға баруды шектеу.
Бахтыораз Елемесов Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары