13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЙЛАУДАҒЫ ЕҢ ЖАС КАНДИДАТ — 21 ЖАСТА

22 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЙЛАУДАҒЫ ЕҢ ЖАС КАНДИДАТ — 21 ЖАСТА
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазір еліміз бойынша барлық саяси партиялар мен кандидаттар үгіт-насихаттарын жүргізіп жатыр.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішевтің айтуынша, облыс бойынша барлығы 1 615 кандидат ұсынылып, олардың 1 284-і тіркеуден өткен. Оның 406-ы саяси партиялар арқылы ұсынылса, 878-і өзін-өзі ұсынғандар. Оның ішінде ең жасы 21-де, ең егдесі — 69 жаста.

— Облыс бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін 330 орын белгіленіп отыр. Анықталған орындар туралы хабарламалар жергілікті БАҚ пен әкімдіктің сайтында орналастырылған. Сонымен қатар, өңірде сайлау комиссиялары үшін оқыту семинарлары өткізіліп жатыр. Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Өңірде сайлаушылардың саны 1 176 138 адамды құрайды. Үгіт-насихат жұмыстары 18 наурызға дейін жалғасады. 18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурызда сайлау өтеді, — деді Әмірдин Мұхиденұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Шымкентте аналар байқауы өтті

Next Post

Түркістан облысында соңғы екі жылда қызылша ауруы тіркелмеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі