https://www.youtube.com/watch?v=QLj1c74atv4
Шұбарсу ауыл округі, Атамекен тұрғын алабы Ордабасы ауданына қарайды. Мұңын шаққан халық, Қазақстанда тұрсақ та құқығымыз қорғалмай жатыр дейді. Жұрттың айтар шағымы шаш етектен. Су жоқ, көшеде жарық жанбайды, жолдан өту өте қиын, табиғи газ мүлдем жоқ, тіпті қоқыстың өзі уақытылы жиналмайды деп ашынады атамекендіктер.
Әйгерім Дәрменбаева
Атамекен ауылының тұрғыны
Қазіргі таңда біз 50 дамыған мемлекеттің қатарына кірді дейді қаяқтан кіргені, осы ма жағдай кіргені?Сіз көріңіз жан-жақтағы елдерді.
Өзекті мәселесін көтеріп көшеге шыққандар билік назарын бұрар деген ниетте. Тоғыз жолдың торабына қоныстанған халық, байланыс аясынан тыс қалдырмауды сұрайды.
Істібаева Тоқтагүл
Шұбарсу ауыл округі, Атамекен массив тұрғыны
Сентябрьде онлайн сабақ өтеміз дейді, бірақ бізде аннтена жоқ связь нашар. Берілген сабақтарды уақытында орындай алмайды. Қандай болсада аннтена қойып берулері керек өтініш.
Ауыл әкімі әлеуметтік желінің сапасы жұрт айтқандай нашар емес деп ақталды. Дей тұрғанымен қосымша антенна орнату бойынша Қазақтелекомға хат жолдап қойыпты. Алайда оның қашан шешілері белгісіз.
Атемекендіктер ақшасы төленсе де қоқыс уақытылы жиналмайды деп шағымдануда. Шашылған қалдықтардан ауру тарап кете ме деп қауіптенеді.
Смат Колхозов
Шұбарсу ауыл округі, Атамекен массив тұрғыны
Ақшасын төлеп жатырмыз мусорды жинауға келмейді. Егер мен бір айға төлемесем, апарып сотқа шақырып жатыр. Бәрі төлеп жатыр. Бірақ келу керек қой ақшасын алғаннан кейін. Қазір кесел көп қой. Недеген масқара.
Ануар Тұрсынбаев
Шұбарсу ауыл округінің әкімі
Ол аптасына бір рет келеді. Өткенде көліктері бұзылып кішкене тұрып қалды. Жалпы қазір аптасына келіп жатыр.
Атамекенге қоғамдық көлікті де жүргізгісі келген екен ауыл әкімі, бірақ бұл жоспардың бүгін ертең жүзеге асуы екі талай болып тұр. Көлік компаниясы келісімін бермепті. Әзірге халықтың сұранысы қағаз жүзінде қалуда.
«Қайғылы жағдай болды бірақ оған қарап жатқан ешкім жоқ». Дәл осылай жан айқайын жеткізген жұрт, жолдан өту қыл көпірден өткенмен тең дейді. Айтуларынша, бірнеше адам қыршыннан қиылыпты. Жаяу жүргіншілер жолағына зулаған көліктердің тоқтауы қиын, сондықтан бағдаршам қойып, арнайы камералар орнатсын дейді.
Әйгерім Дәрменбаева
Атамекен ауылының тұрғыны
Жақында бір өлім болды, бір емес екі рет болды. Мына ауылға көлік жүрсе, бұрын жол жоқ дедік енді. Бұл үлкен ауыл болды, сол үшін тұрақты көлік керек бұл жерге. Қайғылы жағдай болды бірақ оған қарап жатқан ешкім жоқ. Сонда мынанша халық шыбын құрлы жоқ па?
Қабыланбек Үмбетов
Шұбарсу ауыл округі, Атамекен массив тұрғыны
Қатынау қиын анау жолдың арғы бетіне өтеміз деп көп адам байқамай машина қағып кетіп жатыр. Одан осы жерден тыныш қана ауылдан автобусына мініп барғаны жөн деп есептеймін. Жиналыс болған кезде бір-бір айтылып қағаз жүзінде де тастағанбыз енді, еледі-елемеді оны енді білмейміз. Ешқандай жауап келген жоқ.
Республикалық маңызы бар трасса «ҚазАвтоЖолға» қарайды. Ауыл әкімі халықтың бұл мәселесі аудан әкіміне жақын таныс, келіп көрген деп отыр. Мәселе республика көлемінде шешіледі , бірақ қашан екенін айтқан жоқ. Ең бастысы хат жолдап қойған.
Ануар Тұрсынбаева
Шұбарсу ауыл округінің әкімі
«ҚазАвтоЖолға» хат жолданған республикаға камера қоюға және бағдаршам қою бойынша. Әлі ол бойынша хат келген жоқ. Қосымша тағы жолдаймыз.
Әзірге маңызды мәселелер хат жүзінде ғана қалып отыр.
Светлана Сәрсенбаева Атамекендегі «Нұр17» массивінің тұрғыны. Зейнеткер Түркістанға барар жолда тұрсақ та елеусіз қалып қойдық деп қынжылады. Ардагер ұстаз жанұясымен бірге құдықтың суын тұтынады. Өйткені ауылға ауыз су әлі күнге тартылмаған. Зейнеткер дамыған заманда өмір сүрсек те сапасыз су ішіп отырғанына қапалы.
Светлана Сәрсенбаева
Шұбарсу ауыл округі, Атамекен массив тұрғыны
Әкім бізге хабар берген жоқ, уәдесінде әлі тұрған жоқ. Суымыздың түрі осы таңертең тұндырып қоямыз, кешке дейін тұрады балашағымыздың ішіп жатқан суы осы. Жас балалардың іштері ауырған кездері болады. Диарея басқа да болды. Барлығы болып жатыр. Қазақстан Республикасы демакратиялы мемлекет дейміз ғой өзіміздің айтатын сөзіміз бар, құқығымыз бар. Бірақ қазір құқығымыз ешқандай орындалып жатқан жоқ Қазақстан Республикасының азаматы болған күннің өзінде де. Көп балалы отбасыға «Нұр Отан» болсын мейлі әкімшілік тарапынан болсын көмектесу керек шығар. Біз міндетсініп айтып жатқан жоқпыз. Қазақстан Республикасының азаматы болған соң айтуға құқығымыз бар.
Ауыл әкімінің айтуынша, Атамекенге су құбырын тарту жұмысы келер жылы басталады. Ал табиғи газ 2022 жылы тартылады. Ол уақытқа дейін тұрғындар қыста көмір жағып, суды тасып іше тұрады. Қараңғы көшеде ақырын жүріп, «қыл көпір» атаған жолдарынан абайлап өтеді. Мәселе шешілгенше Атамекендіктердің сабыр сақтаудан басқа амалы жоқ.