13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысының тергеушілері 17 қылмыстық істі сотқа жіберді

12 августа, 2020
in Қылмыс
0
Түркістан облысының тергеушілері 17 қылмыстық істі сотқа жіберді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Полиция департаменті тергеушілерінің өндірісінде балық және басқа да табиғи ресурстарды заңсыз аулаумен, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты 30-ға жуық қылмыстық іс бар. Оның ішінде 17 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Мәселен, Сайрам ауданында анықтаушылар ҚР ҚК-нің 339-бабы «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерімен заңсыз айналысу» бойынша сотқа екі қылмыстық істі жіберген. Ал мына бір жайтта полицейлер Манкент тұрғынының шаруашылық ауласында рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында екі бірдей » Қызыл кітапқа » енген бүркітті анықтап, тәркіледі. Екінші жайтта тәртіп сақшылары дәмханадан Қызыл кітапқа енгізілген жабайы үкіні тәркіледі. Анықталған құстарды полицейлер хайуанаттар бағына орналастырды.

Бүгінгі таңда облыстық Полиция департаментінің тергеушілері браконьерлердің қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ұсталғандар Жетісай мен Шардара аудандарының тұрғындары. Күдіктілер бірнеше жыл бойы Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаумен және оларды Шымкент қаласының базарларында сатумен айналысқан.

Қазіргі уақытта тергеушілер аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Браконьерлік дерегі бойынша тергеу жалғасуда. Полиция браконьерлердің қылмыстық тобының алдын ала ұйымдасқан болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде браконьерлік және заңсыз балық пен басқа да табиғи ресурстарды, оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын табиғатты, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының баптарын бұзбауға шақырады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан қаласында карантин талаптарын бұзудың 300-ден астам жайты анықталды

Next Post

«Қайғылы жағдай болды, қарап жатқан ешкім жоқ». Түркістан облысының тұрғындары билікке жан айқайын жеткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі