13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРІЛДІ

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда 50-ге жуық жаңа білім беру тұйымына лицензия берілді. Бұл туралыӨңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы м.у.а Жанар Қасымова айтты.

Оның сөзінше, 2022 жылдың есепті кезеңінде лицензия және лицензияға қосымша алу туралы 320 өтініш түскен. Оның 92-і қанағаттандырылып, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген 228-нен бас тартылған.
– Жаңадан ашылған 45 білім беру ұйымына лицензия және лицензияға қосымшалар берілді. Оның 2-і мемлекеттік, 43-і жекеменшік мектеп. Сондай-ақ, 37 лицензияға қосымша берілді. Лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу бойынша 13 өтініш түсті. Оның 9-ы қайта рәсімделіп, 4-нен бас тартылды. Лицензия беруден бас тартудың негізгі себептерінің бірі — құжаттар тізбесінің толық ұсынылмауы. Сондай-ақ, 54 білім беру ұйымы, оның ішінде 32 балабақша мен 22 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өтті, — деді Жанар Сатыбалдықызы.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 63 білім нысанына мониторинг жүргізілген. Жергілікті атқарушы органға құрылыстың орналасуы және бөлінген жер телімдері бойынша ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс жоспарына сәйкес 17 мәселе қаралған. Оның ішінде білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берілген. Атап айтқанда, 3 білім беру ұйымының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру стандартының талаптарына сай келмеуі, қауіпсіздік, өрт және санитарлық нормалар, балабақшалардың тұрғын үй пәтерлерінде жұмыс істеуі, тәрбиешілер тарапынан балаларға қол жұмсау фактілері жиіледі. Осыған орай министрлік еліміздегі барлық балабақшаларды лицензиялауды қайтадан қолға алды. Еске сала кетейік, 2011 жылы балабақшаларды лицензиялау алынып тасталып, барлық баланы балабақшамен қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Нәтижесі де ауыз толтырып айтарлықтай. Енді мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогтердің сапалық құрамына, материалдық-техникалық базасына, тамақтану, бейнебақылау, санитарлық талаптар, өрт қауіпсіздігіне тексеріс жүргізіледі. Лицензиялау балабақшалардың санын азайтуды мақсат етпейді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бірінші кезеңде – жаңа ашылатын мектепке дейінгі ұйымдар лицензияланады. Келесі кезеңде мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген ұйымдар, одан кейін барлық балабақшалар тәуекелдерді бағалау дәрежесі бойынша лицензиялаудан өтеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН 12 БАЛА АЯҚҚА ТҰРДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі