13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН 12 БАЛА АЯҚҚА ТҰРДЫ

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН 12 БАЛА АЯҚҚА ТҰРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының орталығында 2019 жылдан бері «Даму» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі жұмыс істеп келеді. Аталған орталықта ерекше күтімді қажет ететін жандарға қызмет көрсетіледі. Бүгінге дейін оңалту орталығына Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 87 адамға жолдама берілген.

– Қазіргі таңда орталықта 18 жасқа дейінгі 60 мүмкіндігі шектеулі бала қызмет алуда. Орталық таңғы 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Күніне 4 мезгіл тамақтандыру қарастырылған. Білікті логопед, дефектолог, психолог, массаж және ЛФК мамандары жұмыс істейді. Осыған дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған 12 бала аяққа тұрып, тұсау кесерін жасадық, – дейді «Даму» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Жұлдыз Уалиханова.

Сонымен қатар орталықтың қызметін пайдаланған тіл мүкістігі бар 14 бала алғашқы сөздерін айтып, 8 бала жалпы білім беретін мектепке ауысқан. Аутизм дертіне шалдыққан 3 баладан нәтиже шығарып, 11 баланың диагноздары жеңілдетілді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазір әлемде дүниеге келген әрбір 50 сәбидің біреуі аутист. Дәрігерлердің айтуынша бойында аутизм дерті бар жасөспірім қоршаған ортамен байланысын жоғалтып алады. Тітіркендіргіштерге эмоциялық реакция көрсетпейді, тіпті әуелі мақсат бағытына және қызмет орындауға белсенділік танытпайды.Аутизмнің себептері толық ашылмаған және түрткі болатын себептері анық емес. Синдромның негізінде генетикалық факторлардың маңызы зор дейді мамандар. Сондықтан қазір көптеген танымал биология зерттеушілері көбінесе аутизм тұқым қуалау арқылы тарайтын ауру екендігін дәлелдеп отыр. Тұқым қуалау арқылы тарау механизмі толық белгісіз, бірақ симптомның дамуы гендік топқа байланысты.

Аутизм – балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуін күрдлелендіретін психологиялық ауытқу. Олар сыртқы құбылыстарға жауап қайтармай, өз әлемінде өмір сүреді. Ғалымдар оның себебін анықтай алмай келеді. Дерттің асқынуына көп жағдайлар әсер етуі мүмкін, — дейді. Ал бұл орталық балаларды арнайы тексерілген әрі тиімді әдіс бойынша емдейді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚТАЙ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі