13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеке және заңды тұлғалардың назарына!

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Жеке және заңды тұлғалардың назарына!
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аудан, қалалық  басқармалары санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылық  саласында   бірқатар мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады.  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»,  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»  туралы  қолданыстағы  заңдар  мен ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің бұйрығы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі. Эпидемиялық мәні жоғары нысандарға қорытынды беру  ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қатарына жатады. Нысанға қорытынды алу үшін  қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішінің  болуы, қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесінің болуы талап етіледі.

1)Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»  туралы қызмет көрсету мерзімі — 10 жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

2) Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру; 3)  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні) 4) Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі-13 жұмыс күні)

Қызметке тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалар  құжаттардың толық топтамасын ұсына отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасымен өтініш түсіреді. Қызметті алушының құжаттарының  толық болмауы немесе ондағы деректердің анық еместігі, ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі  мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді  бас тартуға негіз болады.

Н.Нышанов

Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзСанитариялық-эпидемиологиялық бақылауТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ГРАНТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Next Post

Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірқатар жолдар жабылуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі