13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА САМБО КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА САМБО КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында самбо күресінен жастар және қыздар арасындағы облыс чемпионаты басталды. Түркістан облысында соңғы кездері әлемдік аренаға алып шығар спорт кешендері көптеп салынуда. Күрес түрлеріне арналған спорт бөлімдері жерлестерімізді жеңістерге бастап келеді. Самбо күресінен жастар мен қыздар арасында тартысты өтіп жатқан облыс чемпионатының ашылуына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев балуандарға сәттілік тілеп, Қазақстан чемпионатында облыс намысын жоғары деңгейде қорғайды деп сенім білдірді. Сонымен қатар, Түркістан облысының самбо күресі федерациясының вице-президенті Самат Рысбеков талантты жас спортшыларға қолдау көрсетуде. Сайысқа сайдың тасындай іріктелген 10 команда, 100-ге жуық спортшы қатысуда. Боз кілем төрінде ұлдар 8 салмақта белдессе, қыздарда 8 салмақ бойынша бақ сынауда.
Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл облыс чемпионатының мақсаты 18-і мен 21-ші ақпан аралығында Ақтау қаласында жалауы желбірейтін самбо күресі және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатына іріктеу. Облысымызда соңғы кездері самбо күресі қарқынды дамуда. Бұған дәлел Азия, әлем чемпионаттарын бағындырған түркістандық саңлақтардың қатары көп. Сайдың тасындай іріктелген балуандар бәсекесі жайында Түркістан облысының самбо күресінен жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрғали Тәкеев кеңінен тоқталды.
Дүбірлі доданың бас төрешісі Қанат Арғынбаев болса жас балуандардың арасындағы күрес додасына өңіріміздің ең талантты деген жас спортшылары жеңіс үшін барын салуда. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған облыс чемпионатының маңыздылығы да жоғары. Айта өтерлігі биыл Алматы қаласында кезекті рет самбо күресінен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді деп жоспарланып отыр. Сары құрлық елдерінің жас балуандары арасында өтетін додаға облысымыздың жас спортшылары да қатысып, облыс намысын қорғамақ.
🔹Аталған жарыста Кентау қаласының спортшылары намысты қолдан бермей төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:
Шерехан Рамазан (53келі с.д.) – І орын
Пазылбекова Арайлым (72келі с.д.) – І орын
Абдикарим Нұрдаулет (71келі с.д.) – ІІ орын
Әбдіхан Диас (79 келі с.д.) – ІІ орын
Сұлтанбек Айқын (64 келі с.д.) – ІІІ орын

Previous Post

ОТЫРАРДА СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

Next Post

КЕНТАУ: «Қожа Ахмет Яссауи- рухани тәлімгер» атты ғылыми конференция өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі