13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: ШЫМКЕНТТЕГІ «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН БҮКІЛ РЕСПУБЛИКАҒА ҮЛГІ ЕТУ КЕРЕК

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: ШЫМКЕНТТЕГІ «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН БҮКІЛ РЕСПУБЛИКАҒА ҮЛГІ ЕТУ КЕРЕК
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарының аясында «Стандарт» жекеменшік индустриялды аймағында орналасқан «Standard Steel KZ» компаниясының қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түсті металдар консентратын өндіруге бағытталған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Премьер-министрге жобаның «Саутс Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржыландыруымен жүзеге асып жатқаны, жобаның жалпы құны 13,3 миллиард теңгені құрайтыны, өндірістің алғашқы кезеңі өткен жылы іске қосылғаны баяндады.
«Стандарт» жекеменшік индустриялды аймағының жұмысы және «Іскер қала» бағдарламасының орындалуы туралы айтып берді.

Айта кетейік, бұл индустриялды аймақта жеке инвестордың есебінен инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, өндірістік ғимараттар салынады. Өз кезінде шағын кәсіпорын орнын ашқысы келетін кәсіпкерлер осы аймақтан дайын ғимаратты жалға алады. Ал, «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жалға алу құнының бір бөлігі субсидияланады. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер ұсынылады.

–Бүгінде мемлекет өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отыр. Бұл бағытта бірнеше ұлттық жобалар қабылданып, бүгінде нәтижелі орындалуда. Ал, Шымкент қаласындағы «Іскер қала» өңірлік бағдарламасындағы қолдау тетіктері кәсіпкерлер үшін тиімді. Ұлттық экономика министрлігі бұл тәжірибені зерттеп, бүкіл республикаға тарату мүмкіндігін қарастыруы тиіс, — деді Премьер-министр.

Айта кетейік, «Standard Stell KZ» компаниясы тиісті зауыттың бірінші кезеңіне 2.8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл кезеңде жылына 4 608 тонна мыс-күміс консентратын шығаратын өндіріс іске қосылған. Екінші кезеңнің инвестициялық құны 10.5 миллиард теңгені құрайды. Ол іске қосылғанда зауытта жылына 20 900 тонна мырыш оксиді өндірілетін болады.

Previous Post

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ QAZALPACK ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі