13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ QAZALPACK ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ QAZALPACK ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов индустриалды аймақтарды аралап, ондағы өндіріс орындарының жұмысын аралап көрді. Солардың бірі – «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы QazAlpack зауыты.

Премьер-Министр ісін жаңадан бастаған кәсіпоронның бүгінгі әлеуетімен танысып, жұмысшылармен жүздесті. Мұнда қазіргі таңда 145 адам жұмыс істейді. Орта Азияда баламасы жоқ зауыт жеңіл материалдардан орап-қаптау өнімдерін шығарады. Яғни, алюминий ыдыстар мен қақпақтар өндіріледі. Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 500 млн дана өнім шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын басшылары өндірісті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жобаның жалпы құны – 23 млрд 400 млн теңге. Инвестицияның бір бөлігі кәсіпкерлердің жеке қаржысы болса, қалған қаржыны екінші деңгейлі банктен несиеге алған. Мемлекет тарапынан несиенің 15 пайыздық мөлшерлемесінің 9 пайызына субсидия беріледі.

Оған қоса жергілікті әкімдік тарапынан дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесі 10 жылға жалға беріліп отыр. 6 гектар аумақтағы өндіріс 2022 жылдың қазан айында іске қосылып, жұмыс істеуде.

Ә.Смайылов қала әкіміне жаңа өндірісті дамытуға барынша қолдау көрсету қажеттігін айтты.
Инвестиция құны 10,9 млрд теңге болатын екінші кезеңді биыл жүзеге асыру жоспарда. Жобаның қуаттылығы — 550 млн дана өнім шығару.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Next Post

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: ШЫМКЕНТТЕГІ «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН БҮКІЛ РЕСПУБЛИКАҒА ҮЛГІ ЕТУ КЕРЕК

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі