13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: Ауыл мәдениеті өнерімен келбетті

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: Ауыл мәдениеті өнерімен келбетті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайына қарасты Байылдыр, Хантағы және Қарнақ ауылдарының есептік концерті Байылдыр ауыл клубында ұйымдастырылды. Концертте ауыл өнерпаздары әндер шырқап, мың бұралған бишілері түрлі ұлттардың билерін орындады.

Іс-шара соңында 2022 жылы іс-шараларға белсене қатысқан үйірме қатысушылары марапатталды. Ауыл өнерпаздарына шығармашылық табыстар тілейміз.

Қарт Қаратаудың жотасынан орын тепкен, кезінде кіші Швейцария, қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов «Қаратау тәжі» деп атаған кенді қала Кентау бүгінде күн санап көркейіп, құлпырып келеді. Әрине, бұған себеп, кезіндегі тоқырау заманнан кейін «Моно қала» қатарына еніп, қайта гүлденуі, екінші бір кезеңі Түркістан қаласы облыс орталығы болып, Кентаудың аудан орталығына айналуы.

Әрине, осы уақытқа дейін Кентау қаласы қаншама табыстар мен жетістіктерге жетіп, кезінде кенімен рекорд жасап, әлемге танылған. Десек те Кентау қойнауы кенге ғана емес өнер майталмандарына да бай.
Бұл мекеннен қазақтың дарынды композиторы С.Байтереков, ДосМұқасан ансамблінің мүшесі Д.Сүлей, театр сыншысы Ә.Сығай, ҚР Халық әртісі, театрдың режиссері әрі көркемдік жетекшісі Р.Сейтметов, ақын Р.Балабиев, композитор Б.Сердәлі т.б. көптеген өнер тұлғалары шықты. Бұл ағаларымыздың ізін жалғап келе жатқан ортаңғы буын аға-әпкелеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай жетерлік. Әуесқой сазгер, ақын Жұпаркүл Бекшораева, әнші-сазгер Шырынбеков Ерғали, ҚР жарық жұлдыздары Еркін Маулен, Ақбота Сейтмаханбет, Қайрат Тунтеков және театр әртістері Нұржан, Ерлан Құлшынбаевтар, Нұржан Ізтаев, Жұлдызай Дуйсенбиева.

Көлемі де, халқының саны да ұлғайған Кентаудан бұдан кейін де, жас өнерпаздар көптеп шығатынына сенімім мол және олардың көбі үлкен додаларды бағындырып сахналарда көрініп те жүр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР СТАМБУЛҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Адалдық алаңындағы қаламгер» атты кітап көрмесі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі