13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР СТАМБУЛҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР СТАМБУЛҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Стамбул қаласында қол күресінен Шығыс пен Батыс елдерінің спортшылары арасында жекпе-жек сайысына шардаралық спортшылар да аттанған-ды. Аталған сайыста Қазақ елінің намысын қорғайтын Онғарбаев Қыдырғали Америка Құрама Штаттарының спортшысы әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Майкл Тодд қа қарсы бақ сынаса. Айдархан Нұрдаулет Литва елінің спортшысы Әлем чемпионы Миндаугас Тарасайтиске қарсы бақ сынайтын болады . Сонымен қатар Айтбек Бекет Түркия елінің мықты спортшысының бірі Ефе Комекке қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетсек, «Шардара армспорт» спорт клубы 2000 жылы құрылды. Бүгінде Дүниежүзінің кәсіби спортшылар Шардараға келіп жаттығады. Айта өтсек, 2000 жылдан бастап біздің спортшылар үлкен нәтиже көрсетті. Қазіргі таңдағы көрсеткіш төмендегідей. Мысалы, соңғы статистика бойынша 48 спортшы Әлем чемпионы, 39 спортшымыз Әлем чемпионатының жүлдегері, 26 спортшы Әлем кубогының иегері, 144 спортшы Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, 154 спортшы Азия чемпионатының жүлдегері болды, 50 спортшы Азия кубогының иегері, 339 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионы, 373 спортшы Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері болып табылады. Ал 85 спортшы Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 62 спортшы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына лайық болды. Біздің жетістікеріміз бұнымен шектелмейді. Қазіргі күні 113 спортшы ҚР спорт шебері, 501 шәкірт ҚР спорт шеберлігіне үміткер 2 жаттықтырушы Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, тағы 1 спортшы ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберіне дайындалған. Жалпы армрестлинг Шардараның брендіне айналған соң қатысушылар саны күнне күнге артуда. Қазіргі таңда 800-ге тарта жасөспірім армрестлингпен айналысуда. Барлығы шардаралықтар. Оларға барынша жағдай жасау мақсатында арнайы тегін автобус жүреді.
Ендеше барша “Шардара Армспорт” спорт клубы атынан және барша жанкүйерлер атынан Қыдырғали , Нұрдаулет және Бекетке ақ жол дей келе, сайыста сәттілік тілейміз!

Previous Post

"Қазпошта" жаңару кезеңін бастады

Next Post

КЕНТАУ: Ауыл мәдениеті өнерімен келбетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі