13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА ШАҒЫН АВТОБУС БЕРІЛДІ

25 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА ШАҒЫН АВТОБУС БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков халықтың арыз-шағымдарын тыңдап, тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр.

Тасты ауыл округінің халқымен кездесу барысында тұрғындар тарапынан Қылти елдімекенінен оқушыларды мектепке тасымалдау үшін автобус қою мәселесі көтерілді. Аталған мәселе назарға алынғанын жеткізген аудан әкімі шұғыл шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын айтқан болатын. Нәтижесінде «Катко» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының демеушілігімен «Газ А6 R331» маркалы жаңа шағын автобус көлігі беріліп, қазіргі таңда мектеп оқушыларын тасымалдау мәселесі шешілді.

Сонымен қатар, Тасты ауылында Қазақстан, Амангелді көшелеріне жаяу жүргіншілер үшін аяқжол төселінсе деген ұсыныс айтылған болатын. Бұл орайда, аудан әкімі тиісті бөлімдерге шұғыл шешуді тапсырып, бүгінде Қазақстан және Амангелді көшелеріне 1,2 шақырым болатын аяқжол салынып, Қазақстан көшесінен ауылдың кіреберіс аркасына дейін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, өткен жылы Созақ ауданының мектеп бітіруші түлектері ерекше бастаманы қолға алған-ды. Шолаққорған ауылындағы Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебін бітіргеніне 20 жыл болған түлектер, Құран Кәрім оқудан облыстық жарыс өткізді. Орталық мешітте өткен жарысты ауданның бас имамы Мейрамбек Әбдіқұлов жүргізіп отырды. Жарыс шымылдығын Түркістан облысының наиб имам Қашқынбаев Бекжан Бердібайұлы ашып, жылы лебізін білдірген еді.

Жалпы, құран сайысына 20 қари қатысты. Оған білікті имамдар төрағалық етті. Үміткерлер күні бойы әуезді даусымен көпшіліктің құлағын құран үнімен тербеді. Тартысты өткен сайыста бас жүлде 150 000 теңгені созақтық қари Абай Шыңғысұлы жеңімпаз деп танылды. Сондай-ақ Кентау қаласынан келген Нұрлаев Есен екінші орын алып 100000 теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Үшінші орын тағы бір кентаулық қари Әбдіахмет Дінмұхаммед 50 000 теңге сыйақы тағайындалып, оның жеңімпазы болды. Қатысушы барлық қариларға ақшалай сыйлық берілді.
Сонымен қатар Асқар Сүлейменов мектебінің түлектері өздері оқыған мектепке кіре беріс қақпа орнатып берді. Білім ордасының әрін ашып тұрған қақпаға мектеп ұжымы үлкен ризашылығын білдірді. Наурыз айында кіші футболдан аудандық жарыс өткізіп, спортсүйір қауымның алғысын алған болатын.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “KITAP TRAVEL - 2023” АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН 220 МӘСЕЛЕНІҢ 215-І ШЕШІМІН ТАПТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі