Бүгін “Фараб” әмбебап кітапханасында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, “Фараб” әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап Travel – 2023» «Шежірелі өлкеден – рухани Темірқазыққа» атты іс-шара өтті. Сонымен қатар, іс-шара “Әдеби финал” атты семинарымен бастау алды. Іс-шара барысында үздік кітапханашылар арасында өткен «Кітапхана. Уақыт. Біз» байқауының қорытындысына сәйкес жыл үздіктерін марапаттады. Сондай-ақ, үздік оқырман отбасы, және ең үздік аудандық кітапхана, үздік ауылдық кітапхана номинация иегерлерін анықтады.
Жиын барысында, электронды сандық сирек қорды ұлғайту. «Тарихтан жеткен аманат» – авторлық құқықты сақтай отырып өңір тұрғындарынан, кітапхана қорынан, өңірлік өлкетану музейлерімен келісім шарт жасау негізінде сирек қор жинақтап «Фараб» кітапханасының кітап сканерін пайдалана отырып сандық көшірмеге өту жайлы ұсыныстар тыңдалды. Аудандық кітапханалар белгіленген кестеге сай «Фараб» кітапханасына жиналды Ең бірінші болып Түркістан қалалық орталықтандырылған жүйесі келеді деп баяндалды.
Іс-шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы, зиялы қауым өкілдері және Түркістан облысы бойынша кітапханалардың директорлары шақырылған. Акцияның басты міндеті өңірлік кітапханалардың қызмет көрсету бағытындағы озық идеяларды анықтау, сондай-ақ бүгінгі оқырманның сұранысын қанағаттандыру үшін кітап оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табу және жүзеге асыру, кітапханалар арасында әріптестік байланысты күшейту.Жиын соңында “Әдеби финал”- 2022 қорытындысына сәйкес директорлар арасында “Директор BATTLE” сергіту ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқырмандар арасында өткен байқаудың жеңімпазы анықталып, сыйға тартылған кітаптары табысталды.
Мазмұнды шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, тарихшы Досай Кенжетай сөз сөйлеп, рухани құндылықтардың маңыздылығына тоқталды. Акция шеңберінде 9 томнан тұратын “Ясауи антологиясы” кітабы, “Қазақ эпосы” кітабы, “Сирек қор” акциясы бойынша тұрғындардан жиналған 19 ғасырға тән араб тіліндегі оқулық кітапхана қорына табысталды. Аталған акция жыл соңына дейін жалғасады.