13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ІЗІМЕН» АТТЫ ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ АШЫЛМАҚ

25 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ІЗІМЕН» АТТЫ ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ АШЫЛМАҚ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының туризм басқармасы тарапынан еліміздің белгілі композитор – Ш.Қалдаяқовтың өмір жолына арналған авторлық туристік маршрут дайындалып жатыр.

Отырар ауданында «Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен Шәмші Қалдаяқовқа арналған мұражай орналасқан. Мұражайда дарын иесінің жеке заттары мен шығармашылыққа бай қызметі туралы куәліктері сақталған.

Туризм басқармасы ұлы композитордың отбасымен тығыз жұмыс жүргізіп, оның өмірі мен шығармашылығынан жарияланбаған фактілерді ашатын авторлық жобаларды дайындау үстінде. Жақын арада Түркістанда Шәмші Қалдаяқовқа арналған онкүндік аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданында туған. Даңқты сазгер, қазақ эстрадасының көрнекті өкіліне биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген болатын.Шәмші Қалдаяқов артынан 300-ге жуық ән жазып қалдырды. Сырға толы, мұңға толы нәзік, ырғақты әндері қазақ даласын алақанына салып аялап, әлі де тербетіп келеді. Шәмші Қалдаяқов өмірінің соңында Жамбыл облысындағы Дүнген ауылында тұрды. 1991 жылдың 16 қара­шасында дерті асқынып, ауруханаға түсті. Сол жылдың 29 желтоқсанында композиторға «Қазақстанның Халық әртісі» атағы берілді. Халқын сүйген, халқы сүйген сазгер 1992 жылдың 29 ақпанында көз жұмды.

Еске салайық, 2020 жылы Түркістан облысы Отырар ауданында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында композиторға арналған Қазақстандағы алғашқы музей ашылды.
Айта кетсек, Түркістан облысының Отырар ауданындағы қоржын үй үлгісінде салынған Шәмші Қалдаяқовтың мұражайында 120-дан астам жәдігер қойылған. Облыс әкімдігінің идеясы бойынша әрі демеушілердің көмегімен ашылған мұражай үйі Шәмші Қалдаяқов саябағында орналасқан.Белгілі композитор халқымыздың бір туар азаматы Ш.Қалдаяқовтың мұражай үйінде композиторға қатысты әрі өзі тапсырған заттары көпшілік назарына ұсынылған. Атап айтқанда мүштігі, мондолинасы, Отырардағы той нотасының түпнұсқасы, баскиімі мен қатар естелік суреттері бар. Сондай-ақ, әкесі Қалдаяқ ұстаға қатысты сандықшасы мен білік төсі, қол шарығы және басқада құрал саймандары мен майлы бояумен салынған Ш.Қалдаяқов пен Қалдаяқ ұстаның портреті бар. Бұл нысан елімізде композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналналған тұңғыш әрі жалғыз мұражай саналады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ VII КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ДА НӘТИЖЕЛІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі