13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТІЛДІ БАЛАБАҚШАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛДЫ

24 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТІЛДІ БАЛАБАҚШАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан «Зувайда ана» балабақшасының құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Бахтияр Қозыбаевты қабылдады.

Қабылдау барысында 2019 жылы қолданысқа берілген балабақша қызметкерлеріне қалтасынан жалақы төлеп, қамтамасыз етіп келе жатқанын айтқан кәсіпкер талапқа сай балабақшаға мемлекеттен қолдау көрсетуді өтінді. Бұған дейін де 2017 жылы өз қаржысы есебінен 150 орындық бөбекжай балабақшасын ашқан кәсіпкер Бахтияр Қозыбаев 2019 жылы тағы бір балабақша ашқан. 30-ға тарта ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, этнос өкілдерінен 150 бүлдіршінді мектепалды дайындық тобында қазақ тілінде тәрбие беріп келе жатқан бақшада 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Бала басына 4 мың теңгеден төлемақы төленеді. Балабақша құрылтайшысының шешімімен 14 отбасының балаларынан төлемақы алынбайды екен.

Мемлекеттен қолдау болған жағдайда бүлдіршіндерге спорт залын ашып, күрес мектебін жүргізу, елдімекеннен балалар ойын алаңшасы мен аллея салу жоспарларының бар екенін алға тартқан кәсіпкер жоғары оқу орнында оқып жатқан аталмыш балабақшаның 5 қызметкерінің оқу ақысының 50 пайызын да төлеп отыр екен.

Кәсіпкердің атқарып отырған жұмыстарына оң бағасын берген аудан басшысы тиісті сала басшыларына заң аясында жұмыс жүргізіп, мемлекеттік қолдау бағдарламасына енгізу туралы тапсырмалар берді.
Айта кетсек6 биыл балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% көбейеді. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласындағы тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін көтеру шараларын баяндаған еді. Өз сөзінде министр елдегі 3,7 млн баланың сапалы білімі мен саналы тәрбиесін және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін еске салды.

«Біріншіден, мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында тәрбиешінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, біліктілік пен кәсіби дамудың жаңа формаларын енгізу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту; жалақыны орта есеппен 30%-ға арттыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беру мақсатында «Педагог көмекшісі» штатын енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырамыз», — деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшада тегін тамақпен қамту қолға алынады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА КЕЗ КЕЛГЕН КІТАПТЫ QR КОД АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЗАҢДАСТЫРУҒА КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР ІШІНДЕ NEXIA МАРКАСЫ КӨП ТІРКЕЛІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі