13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА КЕЗ КЕЛГЕН КІТАПТЫ QR КОД АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

24 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА КЕЗ КЕЛГЕН КІТАПТЫ QR КОД АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Төлеби ауданының орталық кітапханасында мобильді смарт кітапхана жүйесі іске қосылған.

Руханияттың қазығына айналған кітапханаларда цифрландыру арқылы кітапты оқу әдісі жеңілдетілді. Электронды кітапты оқу үшін ұялы телефоныңызға Play Маркеттен «QR» қосымшасын жүктеп алу қажет.
Смартфон көмегімен QR-кодты сканерлеп алып, қосымша ақпаратты қолдану үшін кітаптың авторының сайтына немесе кітапқа қатысы бар және берілген кітап қамтитын сайтқа ауыса аласыз.

QR-код қолдану әдісі де жылдам. Ол үшін камерасы бар ұялы телефонды алып, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосып, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты ала аласыз.

Төлеби ауданы кітапханасындағы кез келген кітапты QR код арқылы алуға болатындығын алғаш рет былтыр «Түркістан — Түркі әлемінің жүрегі» атты Төлеби ауданының Түркістан қаласындағы үшкүндік мәдени күндерінде көрсеткен болатын. Қазіргі таңда республика бойынша Төлеби ауданының кітапханасы — үлгі және автор ретінде QR код арқылы оқу үлгісін жариялап отыр.

Айта кетсек, Түркістан облысында мәдениет, руханит салаларын дамыту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 2022 жылы облыстағы 24 музейде 8404 экскурсия, 672 көрме, 618 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 3615 дана жаңа экспонат жинақталып, жалпы жәдігер қоры 165 665 данаға жеткен.Облыстағы 395 кітапханада оқырмандар саны 425 860 адамды құрап, 104 081 дана жаңа кітаптармен толықтырылған. «Фараб» облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Тиянақты кітапханашы» жазғы оқу курсы қолға алынған.

Биыл кітапхана саласын дамыту, оқырмандарға қолдау көрсету мақсатында «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Кітап TrаveI – 2023» акциясы, ең көп оқитын оқырмандар арасындағы «Әлемді кітап арқылы танимын» және «Оқитын уақыт – оқырман өлке!» облыстық байқауларын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге музей мен археология саласын, қолөнерді дамыту, көне жәдігерлерді насихаттау мақсатында «Түркістан – түркі әлемінің жүрегі» халықаралық тарихшылар мен археологтардың форумы, «Шығыс базары» түркі халықтарының қолөнер шеберлерінің симпозиумы, халықаралық «ART Түркістан» суретшілердің фестивалі, Түркістан қаласында республикалық, облыстық, аудандық музейлерінің «Музейлер шеруі» көшпелі кеңейтілген көрмелерін өткізу көзделген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ «ҚАЙНАР ҚҰСТЫҢ» ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТІЛДІ БАЛАБАҚШАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі