Кентау қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт мектебінде 18 жастан асқан әуесқой командалар арасында футзалдан Кентау қаласының әуесқой футбол лигасының Қазақстан біріншілігіне іріктеу турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Жарыста Кентау қаласынан және іргелес ауылдардан жалпы 12 команда бақ сынап, наурыз айына дейін жолданамы сарапқа салады.
Аталған жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы Қанат Талғатұлы футбол спортының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға және футболшыларға өз алғысын білдірді.
Лиганың құрылуына атсалысқан өңірдегі футбол спорт түрінің дамуына бар күш-жігерін салып, демеушілік жасап жүрген Нұрсұлтан Дәрібаев есімді азамат. Айта кетерлігі, қазіргі таңда қалалық лига облыстық әуесқой футбол федерациясына мүшелікке қабылданған. Бұл лиганың байрақты бәсекелерге қатысуына жол ашпақ. Бүгінгі күні фубол әлемдегі ең дамыған, кең тараған спорт түріне жатады. Футбол жылдамдықты, тапқырлықты, шешім қабылдай білу мен төзімділікті дамытады. Жыл сайын футбол өзінің тартымдылығымен, тартысты ойынымен, қайткенде де жеңіске жетуге деген құштарлығымен ойнаушылардың қатарына мыңдаған ұл балалар мен ерлерді еліктіреді.
Миллиондаған адамдар бос уақыттарында футбол ойнаса, миллиардтаған адам әлемдік чемпионатты қалт жібермей тамашалайды. Кәсіби ойыншылар, футбол жұлдыздары қаншама адамның табынушысына айналған. Футболды сүйетін, еліктіріп әкететін осы әдемі ойынды жақсы көретіндер біздің қалада да жетерлік. Қала стадиондары мен спорт мектептері ешқашан бос болмайды. Алаңнан жанұшыра доп қуалап жүрген жас жеткіншектерді де, ересек адамдарды да, олардың ойынын тамашалап отырған жанкүйерлерді де көруге болады.
Кентау қаласында футбол спорт түрінің дамуына бар күш жігерін салып демеушілік жасап жұрген спорт жанашыры Дәрібаев Нұрсұлтан Әуесқой футбол лигасын құрды, ол үзбей жаттығу жүргізіп, түрлі жарыстарға қатыса отырып, өз ойын техникалары мен шеберліктерін шыңдай түсуге ықпал етеді.
Әуесқой футбол лигасы облыстық әуесқой футбол федерациясына мүше болып қабылданды, бұл қоғамның дәрежесін арттыра түсіп, ойындарға қатысу мүмкіндігі кеңейіп, өз қатарларына футбол әуесқойларын шоғырландыра түсуге жол ашты.