Түркістан облының, Мақтаарал аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Жиында Шарада ауданының әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтарға «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды.
Шардара аудандық мәслихаттың шешімімен 2022 жылға 9 азамат, 2023 жылға 8 азамат «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атанды. Салтанатты шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, абырой биігінен көрінген барша құрметті азаматтарды шын жүректен құттықтады.
«Ауданымыздың қарқынды дамуының негiзгi күші — оның тұрғындары, еңбекқор азаматтарымыз екені айдан анық. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау органдары, денсаулық, білім, мәдениет, құрылыс тағыда өзге де түрлі салада еңбек еткен және әлі де қызмет істеп жүрген азаматтарға бүгін ауданымыздың ең үлкен марапаты — «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағы бұйырып отыр. Ендеше, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!» — деді Бақыт Насырханұлы.
2022 жылға «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағын «Бағара мақта» ЖШС-нің директоры Ж.Аязханов, ауыл шаруашылығы саласының зейнеткерлері Б.Жанкараев, С.Салыбаев, К. Ердешов, «Мақтаарал» газетінің бас редакторы С.Қалдыбаев, аудандық соттың судьясы И.Саркулов, облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Сейдуалиев, құқық қорғау саласының зейнеткері К.Торыбаев, «Мақтаарал» футбол клубының директоры С.Утегеновтер алды.
Ал, 2023 жылға білім саласының зейнеткері Ж.Дүйсебаев, ҚР СжИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Б.Есқараев, «Махтааралдосстрой» кооперативінің басшысы Б.Калменов, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Мақтаарал аудандық бөлімінің бастығы А.Калмуратов, электр жүйелері саласының зейнеткері А.Қарамырзаев, ауыл шаруашылығы саласының зейнеткерлері С.Мамирасилов, Ж.Утегенов және ғылым ардагері А.Мустафаевтар құрметті азамат атанып, абырой биігінен көрінді.