13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайының» шәкірттері халықаралық байқаулардың жеңімпазы

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайының» шәкірттері халықаралық байқаулардың жеңімпазы
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Нақтырақ айтсақ, өткен жылы ЮНИСЕФ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Оқушылар сарайы» арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде мекемеде ғарыштық технологиялар бойынша UniSat білім беру хабы ашылған. Қазіргі уақытта осы жобаның арқасында түркістандық балалар STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеру үстінде. Оған қоса, аталмыш жоба аясында наноспутниктер әзірлеу бойынша қыздарға арналған білім беру жобасы құрылып, Түркістан қаласынан 30-дан аса оқушы қатысқан. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «Оқушылар сарайында» наноспутниктерді құрастыру және ұшыру бойынша орталық хаб орнатылып, «Нанотехнология және «Радиотехнология» үйірмелері ашылған.
Одан бөлек, «Оқушылар сарайы» өткен жылы жастардың білім, тәрбие, ғылым және шығармашылық дағдыларын арттыру мақсатында «Тұран Жастары» қалалық мектепаралық президент сайлауын ұйымдастырды. 4 кезеңнен тұрған жобаға қаладағы 32 мектептің президенті қатысып, бақ сынасты. Бір ай бойы өткізілген жобада жалпы көрсеткіштер есепке алынып, Бақытхан Сапаров есімді оқушы қалалық мектепаралық «президент» атанған. Ал, финалда қарсылас болған үміткерлер «министр» ретінде тағайындалып, бүгінде олар қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүр.

Аталмыш мекеме ұлттық өнерді дәріптеуге де көңіл бөліп келеді. Мәселен, былтыр осы мақсатта «Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық оқушылар айтысы өткізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас айтыскерлер тапқырлығы, суырып салмалығымен көзге түсіп, бас жүлде және І орын иегеріне тұлпар мінгізілді.

Индира Сарқытқызының айтуынша, «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубының шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқауларға қатысып, көптеген жетістіктерге қол жеткізген.
– «Жеті Өнер» халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы, «Ертеңіме сенемін» фестиваль-байқауы, «Әмен» анимациялық фильм фестивалі, «Думанды елім» халықаралық өнер сайысы сынды байқауларда бақ сынаған оқушыларымыз 50-ге жуық бас жүлдені, 60-қа жуық І және ІІ орындарды, 100-ге жуық ІІІ орынды қанжығаға байлады. Тағы бір ауыз толтырып айтарлық жетістігіміз – «Оқушылар сарайының» ЮНЕСКО клубтарының мүшесі атанғандығы. Бұл біз үшін үлкен мотивация әрі мәртебе, — деді мекеме басшысы.

Сонымен қатар, өткен жылдың соңында облыс орталығында «Балалар жылын» қортындылаған «Бәрі де, балалар үшін» атты мерекелік іс-шара өтті. Тиісінше, «Оқушылар сарайының» жыл бойы атқарған еңбегі мен жетістіктері бағаланып, жылдың үздік ұжымы ретінде микроавтобустың сертификатына ие болды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы мен бірнеше мекеме арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі