13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Биыл түркі әлеміне ортақ тұлға — Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Биыл түркі әлеміне ортақ тұлға — Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданы орталық кітапхананың оқу залында Түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай «Түркі әлеміне ортақ тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.

Иә, 2023 жылы Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы өтеді. Осыған орай Мысыр мен Қазақстан бұл іс-шараны лайықты атап өтуге әзірлік жасап жатыр. Жақында Қазақстанның Мысырдағы елшілігінен сүйіншілеген хабар, нақты іс-жоспарлар легі туралы ақпарат жетті. Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Азһар уни­вер­ситетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебті қабылдағаны белгілі. Кездесу барысында Мем­лекет басшысы 2023 жылы Сұлтан Бейбарыстың туға­нына 800 жыл толатындығын атап өтіп, мерейтойға дайындық аясында Қазақстан тарапы Каир­дегі Сұлтан Бейбарыс меші­тін қайта жөндеуге үлесін қосаты­нын айтқан болатын. Мысыр­дың Мәдениет министрі екі ел арасындағы мәдени ынтымақ­тастық­тың ілгерілеуіне көңілі толатынын, осы бағыттағы байланысты одан әрі кеңейтуді қолдайтынын білдірді.

Қазақстан елшісі Мысыр Мәдениет ми­нистрі­не Қазақстан Респуб­ли­касы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан әзір­ленген ұсыныстарды табыс етті. Бірінші кезекте Каир қаласын­да күрделі жөндеуден өткен Сұлтан әз-Захир Бейбарыс ме­ші­тін салтанатты түрде ашу жос­пар­ланған. Сондай-ақ Әл-Азһар университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өткізілмек. Каир халықаралық қазіргі заманғы эксперименталды театр фести­валі шеңберінде Рақымжан Отар­баевтың «Сұлтан Бейбарыс» спектаклі сахналанады.Каспий жағалауында «Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің барысы» атты театрлық қойылым ұйымдастырылады. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңір­лік университетінде «Атлах-Талас шайқасынан Айн Жалұт шай­қасына дейінгі кезең» атты Ор­та­лық Азия және араб тарих­шы­лары­ның ғылыми симпозиумын өт­кізу де іс-шаралар тізімінде тұр. 2023 жылдың шілде айының бірін­ші жексенбісінде, яғни Дом­быра күнінде «Сегіз ғасыр жырлай­ды» атты мәдени іс-шара ұйым­дас­ты­ры­лып, жыршылар мен мы­сыр­лық ауыз әдебиеті майтал­ман­да­ры­ның даңқ­ты Сұлтан Бейба­рыс пен бас­қа мәм­лүктер туралы «Ба­тыр­лар жыры» фольклор кеші өтеді.

Сұлтан Бейбарыстың 800 жыл­дығы шеңберінде көкпар, бәйге, жамбы ату, қазақша күрес, құсбе­гілік, асық, аударыспақ секі­лді көшпелілердің ұлттық ойын­­дары­ның халықаралық турнир­­лері ұйымдастырылмақ. Халық­­аралық түркі мәдениеті ұйымы­­ның қолдауымен Түркі­с­тан қаласындағы тарихи-мәдени алаңда «Сұлтан Бейбарыстың Ұлы далаға оралуы» атты арт-фес­ти­валь өткізу де жоспарға енді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Бірқатар облыстық мәслихат депутаттарына «Құрметті депутат» төсбелгісі табысталды

Next Post

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі