13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қ.Әбдәлиев ауыл округі, Рабат елді мекенінің мәдениет үйінде жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ересектер арасында шахматтан турнир өткізілді. Атаулы турнирға ауыл округіндегі барша елді мекендерден 19 спортшы қатысып, бақ сынады. Сайысқа түсіп, жүзден жүйрік атанып, жүлделі орын алған спортшылар, турнир ұйымдастырушылар тарапынан арнайы әзірленген сый-сияпаттар мен марапаттарға ие болды. Ал, ауыл ақсақалдары қыс маусымында тиімді осындай турнир ұйымдастырып, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, ауыл тұрғындары арасындағы ауызбіршілікті нығайтуға себеп болып отырған кәсіпкер азаматтарға өз алғыстарын айтты.

Айта кетсек, Қазақстанда шахматқа деген сұраныс жоғары екені байқалады. Халықаралық жетістіктер да жақсы. Қазақстанның шахмат бойынша әйелдер ұлттық құрамасы – әлемдегі ең жас және болашағы зор құрама. Еліміздің 200 мыңнан астам азаматы шахматты белсенді ойнайды, 50 мыңнан аса бала шахматпен айналысады. Қазақстан қоржынында 2015 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарынан 40-тан астам медаль бар. Жастардың әлем чемпионаттары мен Азия чемпионаттарында 400-ден астам ұл мен қыз жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі уақытта шахмат секциялары мен үйірмелерінде 30 мыңнан астам бала жан басына қаржыландырумен қамтылған. Расында, балаларды шахматқа жаппай оқыту – адами капиталға салынған жақсы инвестиция. Бұл бағытта ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Шахмат – адамның ақыл-ойын дамытатын, танымды да қызықты ойын. Иә, атаулы ойын түрін тақта үстіндегі шағын соғыс деп атасақ та болады. Негізі шахмат сөзі парсы тілінде «шах мат» – «әмір өлді» деген мағынаны білдіреді екен. Ең алғаш бұл ойын 5 ғасырлары Үндістанда пайда болған. Ежелден келе жатқан әңгімелерге сүйенер болсақ, шахматты тұңғыш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты-мыс. Бұл ойынның арнаулы тақтасы бар екенін білеміз. Яғни, ол өзара ақ және қара түске боялған бірдей 64 тең шаршыға бөлінген. Оның 32-сі ақ, қалған 32-сі қара түске боялады.
Танымал шахматшылар арасындағы шахматтан жарыс 1575 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Ең алғаш сайысқа шыққан ойыншылар – итальяндық Джованни Леонардо да Кутри мен испандық Рун Лапес арасында өткізілген. Бұл айқаста Джованни Кутри жеңіске жеткен екен. Ал алғашқы әлемдік біріншілік 1886 жылы өтеді. Онда бұл ойыннан әлем чемпионы атанған – Урага қаласының тұрғыны Вильгельм Стейниц болды. Сонымен бірге «Шахмат федерациясы» 1924 жылы ұйымдастырылған, бүгінгі күні оның 131 мүшесі бар. Атаулы ұйым 1927 жылдан бастап түрлі додалар өткізіп келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Ұлы дала дарасы Қожа Ахмет Яссауидің туғанына - 930 жыл толды

Next Post

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі