13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІҢ БАТАСЫН АЛДЫ

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІҢ БАТАСЫН АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы өзінің алғашқы кездесуін аудандағы ардагерлермен басқосудан бастады.

— Әрдайым, қартын сыйлаған ел бақытты. Сондықтан, ауданға әкім болып тағайындалғаннан кейін алғашқы кездесуімді Сіздермен дидарласып, ақыл-кеңестеріңізді тыңдаудан бастағанды жөн көрдім. Бұл ауданның өсіп-өркендеуі қарқынды еке¬нін білемін. Сондықтан өркенді ауданды басқа-руды зор жауапкершілікпен қабылдап, іргелі ауданды дамыту бағытында жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе отырып атқаратын боламыз. Бұл істе ардагерлер әркез қолдау білдіреді деген сенімдемін. Әрбір айтқан ұсыныс-пікірлеріңіз біздің болашақта жасалатын жұмыстарға бағыт-бағдар ретінде қабылдайтын боламыз,- деді аудан басшысы.
Кездесу барысында, ауданның ардагерлері бірінен соң бірі сөз алып, қала аумағынан мазаратқа жер беру, этно-мәдени бірлестіктермен жүйелі жұмыстар жүргізу және тағы да басқа ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ардагерлер аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Қорытынды сөз сөйлеген аудан басшысы алдағы уақытта айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескеріліп, шешілу жолдары қарастыралатындығын тілге тиек етті.

Айта өтсек, Сарыағаш ауданында ардагерлер үшін жыл сайын түрлі жұмыстар атқарылып, ауқымды жобалар іске асуда. Өткен жылы біршама жұмыстар қолға алынды. Соның бірі – Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекенінде ағымдағы жөндеуден өткізілген «Ардагерлер» саябағы. Айта кетсек, саябақтың жалпы аумағы 0,28 гектарды құрайды. Мұнда мердігер мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сай саябақтың ішіне төсеуіш төселіп, түнгі жарықшамдар орнатылды және қақпалар жаңадан ауыстырылды. Сонымен қатар, орталық алаңда тұрған белгісіз салдаттың ескерткіші сырланып рең берілді және тағы басқа да жұмыстар жүргізілді. Бүгінде ауыл тұрғындары сәні артқан саябақта серуендеуде.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІ КӨП

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАДАҒЫ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕЛІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі