13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран: Грек Рим күресінің жеңімпазының мерейтойы тойланды

14 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Сауран: Грек Рим күресінің жеңімпазының мерейтойы тойланды
Share on FacebookShare on Twitter

Оранғай ауылының тумасы арагерлер арасында өткен Грек Рим күресінің жеңімпазы «Алтын медаль» иегері әлем чемпионы Өтепбергенов Нұраханға 60 жасқа толуына орай шәкірттері іс -шара ұйымдастырды. Бұл шараға арнайы аудан әкімінің құттықттауын чемпионның иығына шапан жауып Сауран аудандық Мәдениет, Тіл, Спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова жеткізді. Ауылдық округ әкімі Сыздык Хамзаұлыда чемпионға құрмет көрсетіп жібектен шапан жапты.

Сөз кезегін шәкірттері атынан ұйымдастырушы Нұржан Советұлы және Нұржан Кадировтар алып жылы лебіздерін білдіріп сый сыяпаттарын берді. Еркін күреске арнайы келген жастар сәттілік тілеп жаттықтырушы чемпион ағайларының жолын берсін деген тілек білдірді.

Оранғайлық жасөспірімдердің спортқа бейімділігі көңілге жылылық ұялатады. Ауылдық округ бойынша мектептерді қоспағанда 2 шағын футбол алаңы бар. Ай сайын футболдан ауылдық округ біріншілігі өтіп тұрады. Одан бөлек Нұрахан Өтепбергенов күрестен Грузияда өткен әлем біріншілігінен жүлдемен оралса, ауыл жастары дойбыдан республикалық жарыстарда үздік үштіктен көрінді.

Айта кетсек, 2022 жылы спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Түркістан облысы, Сауран ауданының Оранғай ауылында заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен салынған спорт нысанының жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайды. Онда мини-футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары, күрес кілемі, бокс рингі және екі жолақты жүгіру жолдары бар. Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін шешінетін бөлмелер мен жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары орнатылған. Сондай-ақ, кешен барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Айта кетейік, спорт кешені ауа райына қарамастан жыл бойы жұмыс істейтін болады. Бұл екі қабатты ауа өткізбейтін мембранамен жабылған, анкерлік жүйенің көмегімен негізге бекітілген, сорылатын және сығылған ауамен қамтамасыз етілген спорт алаңы. Бұл дизайн қыста жылуды және жазда салқындықты сақтауға мүмкіндік береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖҮЗ ЖАСАҒАН АҚСАҚАЛҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі