13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық жастар ресурстық КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын» орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды челленджі болып саналатын «Елбасы медалі» бағдарламасы өтті. Бағдарлама «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлері бойынша 7 бағытта жүзеге асырылды. Аталған іс-шараға Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Болашақ» мектеп-гимназиясының 10«Ә» сынып оқушысы Өмірқұл Нұрай Нұрмаханқызы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқудан, Республика бойынша үздік деп танылып, «Елбасы Медалі» қола жүлде иесі атанды.
«Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.Жалпы «Елбасы Медалі» жобасының басты мақсаты өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене ат салысуына, өз қабілеттерін ашуға көмектесу болып табылады.

Иә, «Елбасы медалі» бағдарламасы жеті бағыттан тұрады. Атап айтқанда, спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат. Қатысушылар 6 айдан 18 айға дейін өзі таңдаған сала бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.Жоба авторының айтуынша, аталған медаль иегерлері жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау кезінде артықшылыққа ие болады. Яғни талапкерлердің ҰБТ балдары тең болған жағдайда «Елбасы медалінің» иегеріне басымдық беріледі.

«Елбасы медалі» бағдарламасы – бұл білімді жетілдіруге және тұлғалық өсуге бағытталған бірегей жоба. Жоба қатысушылардың талантын ашуға көмектеседі, олар білімге ұмтылады, қоғам өміріне белсенді қатысады, болашақта өмірде пайдалы болатын тәжірибе жинайды. Қазіргі уақытта «Елбасы медалі» бағдарламасына 20 000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде 83% – мектеп оқушылары, 11% – студенттер, 6% – жұмыс істейтін жастар, 24%-ы – ауылдық жерден келген қатысушылар.Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Next Post

ТӨЛЕБИ: ЖАСӨСПІРІМ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі