13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАРЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

9 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАРЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Салауатты өмір салтын берік ұстану бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам қажетсініп отырған білімі мен білігі, күш-қуаты жан-жақты жетілген елжанды азаматтардың қатарын молайтуда спорт саласының да алар орны айрықша.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «Дене шынықтыру мен бұқа¬ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілген болатын. Тұжырымдама аясында аудандағы олимпиадалық және ұлттық спорт түрлеріне ерекше мән беріліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ашық ойын және «стрит ворк аут» алаңшалары салынып, жабық спорт манеждері де тұрғындар игілігіне қызмет көрсетуде. Мұнан бөлек, талантты жас спортшылардың қолдау көрсету мақсатында «Отырар» спорт клубы құрылып, өз жұмысын бастады.
Жаңа жыл мерекесі аясында ел спортының даңқын еліміздің және халықаралық ареналарда паш етіп жүрген отырарлық спорт саңлақтарын марапаттау рәсімі болып өтті. Биыл ауданымыздың спортшылары спорттың 10 түрі бойынша Қазақстан Республикасының, Азия және Әлем чемпионаттары мен кубоктарында, ашық біріншіліктеріне қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Сайыпқыран спортшылар байрақты бәсекелерде 92-алтын, 94-күміс, 152-қола медаль олжалап, қанжығалары майланған болатын. Белбеу күресінен Бектұрсынов Жолдасбек, Қалмұхан Тұрмағанбеттер Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанса, Жұмажан Қожамбеков жастар және ересектер арасында Әлем чемпионатының ең биік төрінен көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтар қатысып, спортшылар қауымын жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, жыл көлемінде биіктерден көрінген және саланың өркендеп, өсуіне өлшеусіз мол үлестерін қосқан спортшыларға алғыс хаттар мен бағалы сый-сияпаттар тапсырды.

Previous Post

«MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БИЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ТҮРКІСТАНДА БАСТАУ АЛДЫ

Next Post

ОТЫРАРЛЫҚТАР ЧЕМПИОНДЫ КҮТІП АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі