13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

6 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Алдымен қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың өмірінен сыр шертетін «Алаш рухты азамат» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Кітапта ұлтын сүйген перзенттің болмысын ашатын дүниелер, естеліктер енгізілген. Іс-шара аясында қоғам қайраткері мен ардагерлерге арналған көрме ұйымдастырылды. Өңір ардагерлерін құттықтауға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы келіп, құрметін көрсетті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында аға буынға қолдау көрсету мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Түркістан облысында 180 мыңға жуық зейнет жасындағы қарттарымыз бар. Олар қоғамды дамыту жолында үлес қоса білді. Өздеріңіз білетіндей, Түркістан облысын құру жөніндегі жарлықтың шыққанына 4 жылдан аса уақыт болды. Осы уақыт көлемінде өңірімізде ауқымды жобалар қолға алынды. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бірақ жылдар бойы кезең-кезеңімен жалғасатын ең маңызды жұмыс бар. Ол – руханият. Бүгінгі таңда облыстық ардагерлер ұйымы осы мақсатта жемісті еңбек етіп жүр. Біз әрқашан қарттарымызды құрметтеп, ардагерлерімізді ардақтау арқылы жарқын болашаққа бет аламыз. Бүгінгі мерекелік жиынды пайдаланып, еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз бен үлгі-өнегелеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Облыс руханиятының жандануы жолындағы барлық бастамаларыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық тілеймін! – деген облыс басшысы өңірдің дамуына үлес қосып жүрген ардагерлердің бірқатарын марапаттады.

Мерекелік жиында еңбегімен дараланған ақсақалдар мен ел аналарына облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловтың да алғыс хаттары тапсырылды. Жеңісбек Мәуленқұлов Ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстарына тоқталып, елді бірлікке, жастарды отансүйгіштікке шақыру бағытындағы тірліктерді баяндады. Игі іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Еске салсақ, 1987 жылы Алматыдағы құрылтай аясында Қазақстанның ардагерлер ұйымы құрылған болатын. Биыл еліміздегі ең үлкен әрі аса маңызды қоғамдық бірлестіктің құрылғанына 35 жыл толып отыр. Ұйымның негізгі мақсаты – ардагерлердің құқықтарын қорғау, лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге ықпал жасау, оларға мәдени, медициналық және басқа да көмек түрлерін жақсартуға жәрдемдесу, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «АЛАШ РУХТЫ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Next Post

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-ДЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі