13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА «ӘЛ-ФАРАБИ ӘЛЕМІ» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

6 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА «ӘЛ-ФАРАБИ ӘЛЕМІ» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларын насихаттауға бағытталған «Әл-Фараби әлемі» атты арнайы зал ашылды. Енді барлық оқырман мен кітапханаға келушілер осы залды тамашалап, ұлы ойшылдың әрбір еңбегімен таныса алады.
Арнайы залға кітапхана қорындағы әдеби кітаптардан бөлек, Отырар ауданындағы Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейінен құнды жәдігерлер, атап айтқанда Әл-Фараби сырнайы, кітаптар мен материалдар, Сирияның Дамаск қаласынан алынған музыка ноталарының көшірмесі, сондай-ақ, Отырар ауданының тумасы, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Әділхан Мәліктің картиналары және т.б. экспонаттар мен көрме-композициялар орнатылды.

Алдағы уақытта кітапхананың ғылыми қызметкерлерінің көмегімен ұлы бабамызға қатысты жәдігерлер мен құнды әдебиеттер қатарын көбейту жоспарланып отыр.Мұнан соң қонақтарға туристерге кешенді қызмет көрсететін орталықтың экспозиция залын тамашалау ұсынылды. Залды ашудағы басты мақсат, Фарабитану ғылымын пайдалана отырып, тұлғаға қатысты ғылыми және заттай деректерді мейлінше ашып көрсету болатын.

Экспозицияда Әбу-Насыр әл-Фарабидің ғылым мен өнер саласындағы еңбектері, Отырардағы ғылым мен мәдениет, өнерге қатысты артефактілер сонымен қатар Фарабитанушылардың еңбектері заттай дерек ретінде қарастырылды. Экспозициядан орын алатын Фараби бөлмесінің макетінде мұсылман әлемі ойшылдарының көш басында тұрып, шығыста күрделі алгебра, астрономия тағы басқа ғылымдардың дамуына әсер еткен өзі болса, әлеуметтік мәселеде ортағасырлық гүлденген шығыс қалаларының орталығында болып ғалымдармен кездесіп, адамзаттың үйлесімді өмір сүруіне озық ойлы трактаттарын жазуы, философия, әлеуметтану ғылымдарын дамытуы, математика ғылымын дамытуы. Адам табиғатының айнасы музыка ілімін зерттеуі, сол өнердің мәнін ашуы. Ұлы Ұстаздың – Ұстаздар туралы көзқарасында шәкірттер тәрбиелеудегі жетістіктерге жетелейтін жолдарға тыңғылықты пікірін қалдыруы, қажырлы еңбек талмас ой зерттеуден жалықпаған ғылым жолы осы экспозицияда көрсетілген.

Previous Post

2023 жылдың қаңтар айынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама - ақшалай түрде тағайындалады

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «АЛАШ РУХТЫ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі