13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жаңа жылдық мереке аясында «ÓzgeEpic» заманауи өнер кеңістігі өз жұмысын бастады

6 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жаңа жылдық мереке аясында «ÓzgeEpic» заманауи өнер кеңістігі өз жұмысын бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Khanshaiym Plazaда» ÓzgeEpic заманауи өнер кеңістігі өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің YII шақырылым депутаты, ақын Мақпал Мыса, Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова және тағы басқа игі жақсылар қатысып, жылы лебізін білдірді.

– Еліміздің рухани жауһарына айналып үлгерген киелі Түркістанда ерекше өнер ордасы ашылып жатыр. Бүгінгі кешке жиналған барша өнер сүйер қауымды осынау мәдени мейраммен шын жүректен құттықтаймын! ÓzgeEpic заманауи өнер кеңістігінің авторларына және фотокөрме авторларына алғыс білдіремін. Сіздердің өнер бағытын дамытудағы еңбектеріңіз ерекше. Оның рөлі мен маңызы да биікте деуге әбден болады. Осы жолда еңбектеріңіз жана берсін, биіктерден көріне беріңіздер, – деді Әділ Нұржанұлы.

Шара барысында аталмыш кеңістіктің негізін салушылар мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Әрі қарай кешке келушілер фотожурналист Әйгерім Бегімбет, журналист Жанерке Хұмар, фотограф-дизайнер Шыңғыс Әбдіразақтың «Түркістан әйелдері» мен «Тіршілік» атты фотокөрмесін тамашалады.

2019 жылы Алматы қаласында құрылған кеңістік қызметінің негізгі бағыттары – кино, анимация, креативті білім, музыка, театр, медиа, көрме және IT. Сол сәттен бастап сәттен бастап бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Оның ішінде алғашқы Қазақстандық стриминг сервисі, 3 халықаралық анимациялық фестиваль, 20-дан астам LIVE концерт, 30 спектакль, 15 әдеби кеш және т. б. ÓzgeEpic creative hub қабырғасында бүгіннен бастап, музыка, театр, дизайн, анимация, фотоөнер, көрме, жәрмеңке, айтыс, стенд ап, драматургия бағытындағы сан алуан жобалар жүзеге асырылмақ. Бұған қоса, балалар театры құрылып, дизайн және фотоөнер курстары ұйымдастырылады. Креатив хаб Қазақстан мәдениетінің озық өкілдерін тарта отырып, жергілікті өнер қауымдастықтарын қалыптастыруға қызмет етеді. Түркістан жастарының заманауи қазақ мәдениетін дамытудағы орнын айшықтайды. Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып, қаланың халықаралық түристік орталық ретіндегі мәртебесін мәдени жобалары арқылы жандандыра түседі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ӨТКЕН «АЛТЫН ДОМБЫРА – 2022» ИЕГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

ЖЕТІСАЙ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ БАҚЫТ СРАИЛОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі