13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау: Түркістан облыстық комиссия мүшелері зерттеу жүргізуде

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау: Түркістан облыстық комиссия мүшелері зерттеу жүргізуде
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық қуғын — сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия мүшелері әр тақырыпты бөліп алып, зерттеу жүргізуде. Сала жауаптылары кәмпескелеуді тек тәркілеу деп қабылдамай, кең ауқымда қарастырып, кешенді зерттеп барып тарихи бағасын беру керек дейді. Себебі 1920-30 жылдардағы кәмпеске – адамзат тарихындағы аса ауыр қылмыстың бірі. Ол халықтың белгілі бір категориясының мал-мүлкін тәркілеу ғана емес, бұған дейінгі заңсыз шаралармен ұштасқан біртұтас әрекет. Тәркіленумен қатар түрлі алым-салық салынып, жеке азаматтық құқықтары толық шектеліп, тіпті ел ішінде еркін жүріп-тұруына тыйым салынып, жер аударылып, мәжбүрлеп жұмысқа жегіп, бас бостандығынан айыру сынды ауыр жазаларға заңсыз тартылған. Өздерімен қоса жақын-жуық, бала-шағасы қуғындалған.

Қазақстанда кәмпеске 1928 жылы 27 тамызда Қазақ советтік социалистік автономиялық республикасы орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлар кеңесі «Бай шаруашылықтарын кәмпескелеу туралы» қаулысынан (декрет) кейін басталған. Кәмпескеленіп жер аударылатын байлар мен совет өкіметіне қауіпті саналатындардың тізімін астыртын анықтаған соң, билік органдары ресми жариялы жұмысты бастайды. Алдымен, әр ауданға арнайы өкілдер жіберіп халықпен, соның ішінде кедейлермен кездесулер ұйымдастырды. Жаңа науқанның мақсатын түсіндіріп, белсене ат салысуға шақырады. Осылайша үгіт-насихат жұмыстарын 1928 жылдың 3-20 қыркүйек аралығында жүргізуге тиіс болады. Ал мал-мүлікті тәркілеуді 1928 жылдың 21 қыркүйегінен бастап, сол жылдың 1 қарашасында аяқтау тапсырылады. Науқанға дейін жасалған жоспарға сай, 1928 жылдың 20 қыркүйегінде «Қызыл ту» газетінде Орал округтік атқару комитетінің кәмпескелеу, жер аудару туралы қаулысы жарияланады. Газеттің осы нөмірін таптық. Мұнда 1928 жылы Орал округі бойынша кәмпескеленетін 71 байдың аты-жөні көрсетілді. Халықтың аштықтан қынадай қырылуына басты негіз болған кәмпескелеу науқаны осы күннен қарқын алады. «Қызыл ту» мен «Красный Урал» газеттерінде қаулыны қолдайтын материалдар ұйымдастырылып, халықтың арасына белсенді насихатты бастайды.

Кәмпескеге іліккен байлардың алдымен мал-мүлкін тартып алады, содан соң тұрғылықты жерден көшіруге шешім шығарып, әр кәмпескеленген байға арнайы нөмерленген куәлік берген. Барған жеріне сол куәлігімен барып тіркелу керек болған. 1928 жылы алғашқылар болып кәмпескеленген 71 адамның тізімі бойынша БҚО полиция департаментінің ақпараттық-сараптамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатында қылмыстық істердің бар-жоғына сұрау салдық. Мұрағаттық қылмыстық істер арасында тәркіленген 71 адамның 11-іне қатысты қылмыстық іс бар екені анықталды, — дейді мамандар.
Кәмпеске бір күнде басталмаған. Алдына ала үлкен дайындықпен келген. Мәселен, Батыс Қазақстан облыстық архивінде (121-қор, 1-тізімдеме, 306-сақтау бірлігі, 28-байлау) 1922 жылы осы өңірдегі барымташылардың есебі жүргізілген құжаттар бар.

Қазақстанда 1927-1953 жылдары 103 мың адам жазаланып, 25 мыңдай адам атылған деген дерек айтылады. Зерттеу жұмыстары барысында тың деректер көп кездесуде. Тарихшылар геноцидтің кезең-кезеңмен кешенді түрде атқарылғанына көз жеткізгендерін алға тартуда. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – қоғамдық сананы реабилитациялау тұрғысынан да, десоветизация, декоммунизация, деколонизация тұрғысынан да аса маңызды. Мұның батыл, сауатты, жүйелі жүзеге асуы – елімздің революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуына мүмкіндік береді, — деді комиссия мүшелері.

Previous Post

Түркістан: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия ауқымды жұмыс атқаруда

Next Post

КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі