13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия ауқымды жұмыс атқаруда

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия ауқымды жұмыс атқаруда
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайын Президенттің жарлығы бойынша 31 мамыр күні Қазақстанда ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар күні аталып өтеді. 2003 жылдан бастап мемлекеттік комиссияның жұмысы нәтижесінде осы санатқа енген азаматтарға мемлекеттің тарапынан арнайы жәдемақы мен өтемақы төленіп отырады. Оның көлемі 14,9 млрд теңгені құрайды.
Бұдан басқа, ақталған азаматтардың, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдардың мына тізімде көрсетілген қызметке толықтай құқығы бар:

1. Күзетпен ұстап, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп, жер аударып, арнайы қоныс аударып, мәжбүрлі еңбекке тартылғаны үшін зейнетақы мөлшерін үш есе мөлшерде есепке алу;

2. Оларға ыңғайлы уақытта кезекті еңбек демалысын беру, сондай-ақ жылына екі аптаға дейінгі мерзімге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу;

3. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастырып, оларда мемлекеттің толық қамсыздандыруы;

4. Протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету;

5. Оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегін кеңес алу қызметтері қарасытырлған.

Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана. Ел басшысынан бастап комиссияға дейін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Айта кетейік, мемлекеттік комиссия жұмысының аралық нәтижелері қоғамға кезең-кезеңімен жеткізіліп келеді. Бұл жұмыс Үкіметтің бақылауында.

Еске сала кетсек, Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда құрылды. Оған өңірден 25-тен астам тарихшы ғалымдар, доценттер, phd докторлар, сарапшылар, архив саласының қызметкерлері және т.б. азаматтар тартылған. Осы ретте, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылған.Мақсаты — саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу. Өңірлік комиссия Түркістан облысының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Өңірлік комиссияның негізгі міндеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан ақтау болып табылады.

Бүгінгі күні тарихшылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ақталмай қалған деректер қорын жасаумен айналысуда. Құжаттарды зерделегеннен кейін ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырағандардың толық бейнесін қалпына келтіреді және саяси қуғын-сүргін құрбандарының қазақстандық бірыңғай республикалық деректер базасы құрылады деп сенеміз. Оңалту тез, бірақ бір реттік процесс емес. Мұндай материалдарды дайындау үшін белгілі бір уақыт қажет.

Previous Post

ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау: Түркістан облыстық комиссия мүшелері зерттеу жүргізуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі