13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Арыста желтоқсан боздақтарына тағзым жасалды

4 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Арыста желтоқсан боздақтарына тағзым жасалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Арыс қаласында орналасқан «Мәңгілік ел» аллеясында Желтоқсан құрбандарының рухына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жиында сол күндердің куәгерлері естеліктерімен бөлісіп, желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды. Бұдан кейін қалалық мәдениет үйінде балалық шағы саяси репрессияға, сұрапыл соғысқа тұспа-тұс келген, сатираның сардары атанған қазақ әдебиетінің қайраткері Садықбек Адамбековтың «Желтоқсандағы қара түн» спектаклі қойылды. Тәуелсіздікке жол ашқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын көрсететін қойылымды көрермендер бір деммен көріп шықты. Қалалық мәдениет үйінің әртістері спектакльді аса жоғары жауапкершілікпен орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Мәдениет үйіне жиналған жастар мен орта буын өкілдері, тіпті ардагерлерге де естен кетпес әсер сыйлағаны үшін өнер ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Айта өтсек, ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңі болып саналады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыру қолға алынды. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелген. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алды.
Бүгінде республика өңірлерінде «Қазақ халқына – мың алғыс» монументтері орнатылған. Бұл – қазақ жұртының ақ пейілі мен даналығына деген шексіз ризашылықтың белгісі. Түркістан өңіріндеде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия өз жұмысын жүргізілуде. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады.

Previous Post

Түркістанда «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағы жарық көрді

Next Post

Түркістандық әкім еліміздегі ең үздік ауыл әкімі атанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі