13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағы жарық көрді

4 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағы жарық көрді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағының тұсаукесері өтті. Бұл оқулық жинағы Ясауи жұмыстарын тереңнен тануға мол мүмкіндік беретіні анық. Жиынға зиялы қауым өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары  ясауитанушылар, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, жастар қатысты. Іс-шарада сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ел руханияты тағы бір қазынаға молайғанына тоқталып, бұл кітаптың жас ғалымдар үшін маңызды көмекші құрал екенін атап өтті.

«Халқымыздың тарихында айрықша орны бар ұлы ойшыл, діни қайраткер Қожа Ахмет Ясауи тұлғасын тану арқылы біз ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеуге жол ашамыз. «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағында Қ.А.Ясауидің рухани адамгершілік тәлім-тәрбиесін, ағартушылық қызметінің, шығармашылық, тарихи еңбектерін талдау, негізге алу, философиялық танымдары жүйелеу қамтылған. Бүгінде Түркістанды Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру бағытында игілікті істер атқарылып жатыр. Бұл орайда, күллі түркі әлемінің рухани астанасында республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар қолға алынады», — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры Досай Кенжетайдың айтуынша, «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағы 9 кітаптан тұрады. Онда көне қалалар, тарихта терең орын қалдырған тұлға есімдері, пайғамбарлар, әулиелер, тіпті Ислам тарихында аты қалған тұлғалардың есімдері де бар. Қазіргі таңда Түркістанда Ясауи музейі бой көтеріп жатыр. Мұражайда ғұлама мен оның шет мемлекеттердегі шәкірттерінің еңбектері қойылатын болады. Бұл ғимарат ұрпақты ізгілікке, ғылым мен білім үйренуге бағыттайтын бірегей сәулет нысаны болмақ. Бұл ретте, «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағы оқырмандарға Ясауи жұмыстарын тереңнен тануға мол мүмкіндік беретіні анық.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Арыста желтоқсан боздақтарына тағзым жасалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі