Жарысқа жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыс жасайтын спорттық үйірмелердің 100-ден астам шәкірттері қатысты. Олар 10 команда болып үздіктерді анықтады. Жарысты қалалық дене шынықтыру және спорт басқарамасы ұйымдастырды.
Жарыстың барлық кезеңдері тартысты әрі қызықты өтті. Жас шахматшылар үйірмеде жинаған тәжірбиелерін ортаға салды. Шеберліктерін шыңдап, деңгейлерін арттырды. Шахматтың шын мәнінде ақыл-ой спорты екендігін дәлелдеді.
Жарысқа 7 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысты. Барлығының ынтасы өте жоғары. Алдына қойған мақсаттары да айқын.
Шымкентте шахмат спорты бойынша жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында 15-ке тарта үйірме жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерде 500-ге жуық жасөсіпірім шахматпен тұрақты түрде шұғылдануда. Балаларға зор мүмкіндік беріп отырған бағдарламаға ата-аналар да дән риза.
Үш күнге жалғасқан жарыстың қортындысы бойынша, жеке кәсіпкер «Амирбеков» командасы 3-ші орынға қол жеткізсе, екінші орынды жеке кәсіпкер «Томирис» командасы иеленді. Ал жеке кәсіпкер «Орталық шахмат клубының» командасы шахмат тақтасында қарсылас шақ келтірмей, жарыстың жеңімпазы атанды. Үздік өнер көрсеткен шахматшыларға қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан медальдармен қатар кубоктар табыс етілді. Бұл жарыс Шымкентте спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асып жатқандығын аңғартады.