13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысында заңсыз әрекеттер анықталды

22 июля, 2020
in Қылмыс
0
Түркістан облысында заңсыз әрекеттер анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы полицейлері 150-ге жуық карантин талаптарын бұзушылық пен дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 30-дан астам фактісін анықтады,- деп хабарлайды Полиция.кз

Облыс аумағында мобильдік топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бойынша 148 карантин талаптарын бұзуды анықтады, оның ішінде 4 жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында Түркістан облысы ПД-нің полицейлері дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың 33 фактісін тіркеді.

Мысалы, Жетісай ауданында аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері қызметтерін атқару барысында сағат түскі 13.00-де Алматы қаласына бара жатқан 12 жолаушысы бар автобусты тоқтатты. Полиция қызметкерлері жолаушыларды тексеріп, олармен карантинді бұзуға жол бермеу керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізуші мен жолаушылар автобусы Жетісай АПБ-на жеткізілді. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұрағына қойды.

Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Оған қоса тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактісін анықтады. Полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан дәріханалардың бірінде оған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, дәріхананың сатушысы тұтынушыға «Анаферон» дәрісін және «ацетилсалицил қышқылының» қаптамасын жалпы сомасы 1600 теңгеге сатқан (белгіленген бағасы 1350 теңге).

Аталған жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Дәріхананың сатушысы дәрілік заттарды сатып алушыға жоғары бағамен сатқанын мойындады. Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Сол күні Сарыағаш аудандық ПБ-нің полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы елдімекендерінің бірінде 5 «Котенокс» бумасын 10 000 теңгеге сату кезінде әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмектерді тәркілеп алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантиндік шараларды қатаң ұстануға, аса қажеттіліксіз көшеге шықпауға, үнемі бетперде киюге, антисептикті пайдалануға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілуі мүмкін

Next Post

Кентауда ауылдастарын таспен ұрғандар тергелуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі