13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілуі мүмкін

21 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілуі мүмкін
Share on FacebookShare on Twitter

Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған дағдарысқа байланысты қазақстандықтарға өз жинақтарының 10 пайызын алу ұсынылуда. Бастаманы БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Евгений Сейпульник көтеріп отыр. Ол бұл қаражат кей жандардың өмірін құтқара алатынына сенімді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Евгений Сейпульник Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Заңгер Қазақстан экономикасына және азаматтардың қаржылық жағдайына теріс әсер еткен коронавирус пандемиясына байланысты салымшыларға жинақтан 10 пайыз беру туралы ұсынсын білдірді. Сарапшының сөзінше, осы арқылы БЖЗҚ азаматтардың қор жұмысына деген сенімін арттырып, қызметті жаңа дейгейге көтеруге, сонымен қатар, табыстан айырылған ел тұрғындарына төленетін 42 500 теңгені 100 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Сейпульник өзінің бастамасының арқасында мемлекет бюджетіне түсетін салық 170 миллиард теңгеге артты деп отыр. Оның сөзінше, бұл қаржыны еліміздің билігі коронавируспен күресуге жұмсай алады. Қоғамдық кеңес төрағасы аталған төлем кейбір адамның өмірін құтқарады деген сенімде. Ал жинақтың бір бөлігін қажет етпейтіндер қордан ақша алмауы мүмкін. Сейпульник бұл құқықты міндет емес, мүмкіндік ретінде қарастыруды ұсынып отырғанын мәлімдеді. Мемлекет дағдарыс кезінде қазақстандықтарға қаржылық қолдау көрсете отырып, әрі қарай зейнетақыны жинау үшін тиісті жағдайды жасайды, дейді адвокат.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістанда тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Next Post

Түркістан облысында заңсыз әрекеттер анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі