13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастар арасында «Адал – жас ұрпақ» атты іс-шара өтті

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жастар арасында «Адал – жас ұрпақ» атты іс-шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Халықаралық студенттер күніне арналған Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» залында байқау өтті.

Байқау Қазақстан Ресбуликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Білім басқармасы, Саз колледжі бірлесе «Адал – жас ұрпақ» атты патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу бағытында өрбіді.

Байқаудың басты мақсаты – музыкалық туындылар, танымал музыка арқылы отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Байқауға жалпы қаламыздағы мелекеттік, жеке меншік 15 колледжден патриоттық әндерді орындаушы 23 студент өзара бақ сынады. Жеке орындаушылар өздерінің вокалдық өнерлерін көрерменге ұсынса, қатысушылар мәнерлеп оқу дағдыларынан да сынға түсті. Халық әндері мен қазіргі заманғы патриоттық әндер де шырқалды.

Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы байқауға қатысушылардың дауыс ырғағына, орындаушылық шеберлігіне, әннің байқау шартына сәйкестігіне, орындаушылардың сахна мәдениетіне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша байқаудың екінші кезеңіне 15 қатысушы да өтті.

Екінші кезеңде халық әндері орындалды. Әділқазылар шешімімен

екінші, үшінші орын:

  1. Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің студенті Ақтанбек Әйгерім Абайқызына бұйырды.
  2. Индустриалды техникалық колледж студенті Әбілжан Нұрислам Бауыржанұлы.

2 орын:

Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенті Үсенхан Томирис Русланқызы

1 орын:

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі студенті Мұса Гүлназ иеленді.

Сонымен қатар, барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарына жастардың заманауи қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып,

екі үшінші орын иегерлеріне “Кәсіби Ағылшын тілін үйренуге”сертификаттар,

екінші орын иесіне “Мирас-фитнес клубына абонемент” сертификаты табысталды.

Ал 1 орын-Адал жас ұрпақ -2022 иегері “Көлік жүргізу курсы”сертификатын сыйға тартты.

Previous Post

Ішкі саясат- ішкі тұрақтылық кепілі

Next Post

Жастар қоғамдағы өзгерістерден шеткері бола алмайды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі