13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ішкі саясат- ішкі тұрақтылық кепілі

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ішкі саясат- ішкі тұрақтылық кепілі
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлы жыл басынан бері басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде баспасөз брифингін өткізді.

Басқарма басшысы өзінің есебінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, басқарма қаладағы ең өзекті мәселелермен, яғни, шаһардың қоғамдық-саяси ахуалы, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, этносаралық қатынастар, ақпараттық саясатты жүргізу, жастар және отбасы саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.

Спикер алдымен қоғамдағы саяси ахуалға тоқталып, осы бағыттағы жұмыс барысын атап өтті.

– Еліміз үшін тұрақтылық өте маңызды. Толыққанды даму үшін қоғамның тіршілік-қызметінің барлық салаларында тұрақтылық қажет. Осы тұста қоғамдық саяси-ахуалды сақтап тұру өзекті болып табылады- деген басқарма басшысы қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау бойынша наразы топтардың іс-әрекеттеріне сәйкес жедел әрекет ету алгоритмі жасақталғанын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан басқарма тарапынан өзекті мәселелер анықталып, әлеуметтік бағыт бойынша төрт проблемалық мәселе бақылауға алынып, үш проблемалық мәселелер толығымен шешімін тапқан.

Сондай-ақ, ақпараттық саясатты жүргізу саласы бойынша нәтижелі жұмыстар туралы айтылды. Басқармамен мемлекеттің ақпараттық саясаты 8 телеарна, 1 радио, 24 газет және 44 интернет-ресурстармен жүргізіліп келеді. 2022 жылдың басынан республикалық және жергілікті БАҚ-та 61 327 мың, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) – 93 853 түрлі бағыттағы материал жарияланды. Оның ішінде телеарналарда – 21 516 (республикалық – 235), мерзімді басылымдарда – 13 731 (республикалық – 536), интернет-ресурстарда – 26 080 (республикалық — 716), материалдар жарық көрген. Бұдан өзге жергілікті телеарналарда қоғамдық-саяси бағыттарға арналған 12 тақырыпта – 282 телебағдарлама, «Арнайы шығарылым» айдарымен қаланың инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілігі туралы 816 сюжет шығарылған.

Спикердің айтуынша, аудан әкімдері және салалық басқарма басшыларының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын тұрғындарға хабардар ету мақсатында жыл басынан – 146 баспасөз брифингі және 99 баспасөз туры ұйымдастырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрғындардың түрлі салаларға қатысты жарияланған өзекті мәселелеріне жедел ден қою мақсатында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде әлеуметтік желілерде түскен 5 389 өтініштің 4 596-ы тиісті орындарға жолданып, 70 пайыздан астамы дер кезінде шешімін тапты.

Сонымен қатар жас журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2 семинар-тренинг ұйымдастырылып, оған 100-ден астам журналистер мен блогерлер қатысып, арнайы мамандар дәрісі тыңдалды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзішкі саясатШотанов МұратжанШымкент
Previous Post

Шымкентте журналистерге арналған жаңа алаң ашылды

Next Post

Жастар арасында «Адал – жас ұрпақ» атты іс-шара өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі