13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік екі спортшы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

28 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік екі спортшы әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 20-27 қараша күндері Ақтөбе қаласында Тоғызқұмалақтан VI Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасы атынан қатысқан шымкенттік 2 спортшы жүлделі орындар алды.

Олар: 1-орын Ғалымжан Темірбаев. 3-орын Сапарбекова Салтанат.

Тоғызқұмалақтан Ақтөбе қаласында өткен Әлем чемпионатында 20 елден ең үздік деген 80-нен аса спортшы бақ сынады. Оның ішінде Германия,Ұлыбритания, Чехия, Латвия, Үндістан,  Бангладеш сияқты Еуропа мен Азия елдерінен, бұған қоса, АҚШ пен Колумбия сияқты мұхиттың арғы жағындағы елдерден де келгендер бар. Зияткерлік тартыс рапид, блиц және классикалық ойын ережелерін қамтыды. Қазір әлемде спорттың бұл түріне қызығушылық жоғары. Сәйкесінше, дәстүрлі халықаралық сайыстарға қатысушылар саны да артып келеді. Ал Қазақстанда 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде ойнап жүрсе, олардың 10 мыңға жуығы кәсіби спортшылар.

Чемпионатқа Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов келіп, таяуда ғана Латвияда оқу-әдістемелік құралдың тұсаукесері болғанын атап өтті.

«Әлем чемпионатына Румыния, Пәкістан, Бангладеш командалары алғаш рет қатысып отыр. Жарысқа келген 20 мемлекеттің өкілі болса, негізінен жарысқа келген қазақ диаспорасы емес, сол елдің тұрғылықты адамдары. Тоғызқұмалақ шын мәнінде әлемге қанатын кең жайды деп айта аламыз», — деген Әлихан Байменов спортшылар, жаттықтырушылар, демеушілерге алғысын білдірді. Байрақты бәсекенің марапаттау рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов та қатысты. Ол тоғызқұмалақ спортының халықаралық деңгейдегі маңыздылығына тоқталды.

«Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар, ақыл-ойды дамытатын қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бабаларымыз ойлап тапқан зияткерлік спорттың адамзат өркениетінен алар орны ерекше. Қазіргі таңда тоғызқұмалақ ойыны әлемнің түкпір-түкпірінде танымал спорт түріне айналды. 2019 жылы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді. 2010 жылы тоғызқұмалақтан Астана қаласында бірінші Әлем чемпионаты ұйымдастырылса, VI Әлем чемпионаты киелі мекен Ақтөбеде өткелі отыр. Облыста кәсіби тұрғыда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрімен 20 мыңнан аса адам шұғылданады. Соңғы жылдары аймақтық рейтинг қорытындысы бойынша үздік үштікте келеміз. Әрі қарай облысымызда тоғызқұмалақ спортын дамытуға барлық жағдай жасалатындығын жеткізгім келеді»,- деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Tags: 13kz13kz.kz13кзтоғызқұмалақШымкент
Previous Post

Шымкенттік онкологтар өзбекстандық мамандармен әріптестік байланыста жұмыс істейді

Next Post

Әйелдер құқығын қорғау- қоғам назарында

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі