13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АЛҒАШ РЕТ «INTELLECT BATTLE» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

25 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АЛҒАШ РЕТ «INTELLECT BATTLE»  ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «INTELLECT BATTLE» интеллектуалды сайысы өтті.

Ойынның негізгі мақсаты – жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Бастысы, интеллекттуалды ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Ойын Сауран жастары мен мекеме қызметкерлері арасында ұйымдастырылды. Жоба авторы — Г.Серікқызы. Ашылу салтанатында Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Зияткерлік сайысқа аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев, аудандық аналар алқасының төрайымы Н.Жұманова, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы А.Дүйсенбекова қазылық жасап, қатысушыларға әділ бағаларын берді.

Тартысты өткен сайысқа жалпы 20 команда қатысып, жүзден жүйрік шыққан үш команда арнайы дипломмен марапатталды. Оларға қаржылай сыйақы мен кубоктар табысталды. Атап айтқанда, өзгелерден оқ бойы оза шапқан «101» командасы І орыннан көрінсе, жүлделі ІІ, ІІІ орындарды «Оқжетпес» пен «Яссы» командалары өзара бөлісті. Бұдан бөлек, жүйріктігімен көзге түскен «Үздік ойыншы» номинациясына ие болған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ALTYN KÚZ - 2022» САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚЫС-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі