13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысында садақа жәшіктеріндегі ақшалар ұрланды

Ол бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты

20 июля, 2020
in Қылмыс
0
Түркістан облысында садақа жәшіктеріндегі ақшалар ұрланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бір түннің ішінде бірнеше дүкенді тонап, садақа жәшіктеріндегі ақшаны ұрлаған күдіктінің кім екені анықталды. Бұл туралы 13kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Мақтаарал ауданында орын алған.  Жедел іздестіру шараларына кіріскен полиция қызметкерлері бір тәуліктің ішінде күдіктіні  құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мас күйінде, қолда бар құралдардың көмегімен түнде дүкеннің кіреберіс есігін ашып, 230 мың теңгеден астам тұратын 7 ұялы телефонды жымқырған. Одан кейін жас жігіт тағы бір дүкен мен телефон жөндеу шеберханасын тонап, қайырымдылыққа арналған жәшіктерден 25 мың теңге ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ол бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Ұрланған заттарды сатып, ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМақтаарал ауданыСадақа жәшігіТүркістан облысы
Previous Post

 Бюджет қаржысына қол сұққандары рас па?

Next Post

Түркістан облысында той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі