13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте салықтық түсімдердің жоспары артығымен орындалды

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте салықтық түсімдердің жоспары артығымен орындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті 10 айдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Салық органдарының басым міндеттерінің бірі — салық төлемдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету. Жалпы бюджет қазынасына 341,5 миллиард теңге түсім түсіп, түсімдердің өсу қарқыны 155%-ға артты. Оның ішінде салықтық түсімдердің жоспары 106%-ға, немесе 25,8 миллиард теңге артығымен қамтамасыз етілді. Ал, кедендік салықтар мен төлемдер 102%-ға орындалды. Салықтық және кедендік әкімшіліктендіру жұмыстарының нәтижесінде бюджетке 29,4 миллиард теңге қосымша резервтер өндірілді. Республикалық бюджет — 21,0 миллиард теңге жергілікті бюджет — 8,4 миллиард теңге, — деді спикер. Спикердің сөзінше, жалпы салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда. Олардың бірі — камералдық бақылау жұмыстары. Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады. Бұзушылықтар анықталған кезде салық төлеушлілерге өз бетінше жою құқығын беру мақсатында хабарламалар жібереді. Департамент тарапынан ағымдағы жылдың 10 айы көлемінде барлық салық түрлері бойынша бұзушылық сомасы 563,6 миллиард теңге құрайтын 20 837 хабарлама жолданылған. Бүгінгі таңға салық төлеушілерде анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою арқылы қосымша айыпұлдар есептелінбей, 4 624 хабарлама орындалып, 2,1 миллиард теңге өндірілді. Одан бөлек, бұзушылық сомасы 353,3 миллиард теңге құрайтын 12 213 хабарлама орындалып, нәтижесінде 21 миллиард теңге өндіріліп отыр. Сондай-ақ, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша қала аумағында уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес 13 508 коммерциялық нысандағы обьектілер тіркелген. Салық міндеттемелерін орындалуына жүргізілген түгендеу-талдау жұмыстарының нәтижесінде 9 750 нысаны немесе 72 пайызы салық төлеуге тартылмағыны анықталған. Департамент тарапынан барлық нысандар бойынша, салық міндеттемелерін орындау туралы хабарламалар жіберілген. Бүгінгі таңда, 8 385 нысан обектісі бойынша салықтық декларацияларының есеп қисабы өткізіліп, бюджетке 763,1 млн.тг. өндірілген. Салық міндеттемесін толық орындамаған немесе мүлік салығын нарықтық құннан төмен етіп төлейтін салық төлеушілермен жұмыс жүргізілуде. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша қала аумағында, уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 13 508 коммерциялық нысандағы обьектілер тіркелген. Салық міндеттемелерін орындалуына жүргізілген түгендеу –талдау жұмыстарының нәтижесінде, 9 750 нысаны немесе 72 пайызы салық төлеуге тартылмағыны анықталған. Департамент тарапынан, барлық нысандар бойынша салық міндеттемелерін орындау туралы хабарламалар жіберілген. Бүгінгі таңда, 8 385 нысан обектісі бойынша салықтық декларацияларының есеп қисабы өткізіліп, бюджетке 763,1 млн.тг. өндірілген.

Tags: 13kz13kz.kz13кзсадықШымкент
Previous Post

Шымкентте жарықшамдар жаңартылды

Next Post

Шымкент : Жаңашыл жастар марапатталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі