13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жарықшамдар жаңартылды

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жарықшамдар жаңартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы аясында Шымкент қаласындағы А.Аскаров атындағы дендрологиялық саябақтың жарықшамдары толығымен жаңартылды. Бүгінгі таңда мүлдем істен шыққан 400-ге жуық шам ауыстырылды.

Жарықшамдар Дендрологиялық саябақтың барлық дерлік аумағына қойылды, әсіресе салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін веложол бойына толық орнатылды.

Жарықшамдардың қуаттылығы 150ВТ.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары Дендрологиялық саябақ жарықшамдарының алдағы уақытта тәулік бойына жанып тұруын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Саябақ аумағындағы жасыл –желек саны 100,5 мың данадан асады. Аймағында Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштың 10 түрі бар. Олар: кәдімгі өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл, жабайы жүзім, тау пістесі. Сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.
Былтырғы жылдан бері бос жатқан 6 га аумаққа қосымша 2000 түп көшет қондырылған. Оның ішінде өрік, жиде, шие, дерен және әртүрлі жәй жапырақты шаған, айлант, үйеңкі отырғызылған.
Одан бөлек, жартасты арша, агава, тікенекті көгілдір шырша, жабайы жүзім (Қызыл кітапқа енген), Сібірлік шырша, Калифорния терек, терек -2000, айлант -840, ақ тораңғыл (қызыл кітапқа енген), ақ сексеуіл егілген. Шағын раушан гүлдер бағын жасау мақсатында 1000 раушангүл отырғызылып күтіп-бапталуда.
Айта кету қажет, экологиялық кеңес мүшелері мен мәслихат депутататтары дендросаябақтың даму концепциясының көп тұстарымен келіспеді.
Басты себеп — олардың пікірінше, онда дәмхана, сауда нүктелері мен атракциондар салатындай демалыс аймағы орта және шағын бизнесті дамытатын орын емес.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжарықшамдарШымкент
Previous Post

Аким города Мурат Айтенов проинспектировал строительство водосборного сооружения в населенном пункте "Нуртас"

Next Post

Шымкентте салықтық түсімдердің жоспары артығымен орындалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі