13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік сала қызметкелерінің күніне орай, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелерінің бас қосу жиыны өтті. Жиында әкімшілік, ішкі саясат, жастар, мәдениет, спорт, әлеуметтік салаларда қызмет етіп жүрген белсенді кәсіподақ мүшелері ұлықталды.

Іс-шарада «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Құрманбек Жарқынбек және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік белсенді кәсіподақ мүшелерін құттықтап, арнайы сыйлықтар мен марапаттар табыстады.

Атап айтқанда:

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Қаланов Ильяс Сұлтанұлы және Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру — инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шаймерденова Гүлмира Әнуарбекқызы марапатталды.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бөрібаева Гүлсім Жанатбекқызы және «Құрмет грамотасымен» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Мақұлбаев Әбдібақыт Тілләбайұлы марапатталды.

Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбеков Заманбек Оралбекұлы және Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Белгібаева Гулия Байзаққызы марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбдіқалықов Шоқан Шырынханұлы және Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының әдіскері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алдиярова Айгерім Хамитбекқызы марапатталды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентӘлеуметтік сала қызметкелері
Previous Post

Шымкент: “Аянат” шаруа қожалығы жылына 600 тонна қызанақ өсіреді

Next Post

 Түркістан: Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі