13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

 Түркістан: Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
 Түркістан: Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың 22 казанында сағат 10–00 мен 12-00 аралығында Шымкент қ.  Актас елді мекенінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабында терроризмнің алдын алу және оның зардаптарын жою мақсатында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде.

Іс-шараның мақсаты – террористік көріністерге төтенше жағдайларды жою, террористік актілердің салдарын барынша азайту және жою тапсырмаларын орындау үшін жеке құрамның практикалық дағдылары мен құралдарын дамыту.Сонымен қатар оқу-жаттығудың мақсаты — адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқыту тапсырмалары лаңкестіктің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Жаттығулар күрделіліктің әртүрлі элементтерімен күресу жағдайларына барынша жақын. Жеке құрам мен арнайы техниканың айтарлықтай саны жұмылдырылған.

Шара барысында шектеу шаралары қарастырылды, оның ішінде көлік құралдарының қозғалысына да қатысты бар болып отыр. Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттері толық көлемде орындалды. Жұмылдырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.

Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз,- дейді Түркістан облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел Штаб өкілдері.
Айта кетсек, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларды өткізу арқылы тапсырмаларын орындау үшін жеке құрамның практикалық дағдылары мен құралдарын дамыту көзделген. Мұндай іс-шаралар арнайы жоспар негізінде іске асады.

Previous Post

Шымкент : Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Next Post

В Шымкенте улучшилось качество услуг общественного транспорта

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі