13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА «ЖЫР ЖАУҺАРЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА «ЖЫР ЖАУҺАРЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Киелі қала төрінде Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығына арналған ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» атты облыстық байқау өтті.
Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов салтанатты шараның маңыздылығына тоқталып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Байқау екі бағыт бойынша, атап айтқанда хор ұжымдары байқауы – «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында, жыр байқауы – «Ұлы дала елі» орталығында жалғасты. Бұл сайысқа облыстағы аудан, қалалардан келген өнерқұмар талантты ардаргерлер бақ сынады. Шараға қатысушы хор ұжымдары музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндерін, патриоттық тақырыптағы Қазақстан композиторларының үздік шығармаларын көрерменге ұсынды. Ал жыр байқауында қатысушылар өз туындыларымен қатар, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқып, ән шырқап, арнау айтты.
Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін байқауда еңбек ардагері Әлжанов Тәліп, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Сартаев Ержігіт, Түркістан облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Оспанова Балтагүл, жыр байқауы бойынша ақын, сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзым, ақын, облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен «Жыр жауһарлары» байқауының хор ұжымдары бағыты бойынша Ордабасы аудандық хор ұжымы бас жүлдеге ие болды. Жетісай аудандық хор ұжымы жүлделі І орынға ие болса, Созақ аудандық хор ұжымы жүлделі ІІ орынды, ал Төлеби аудандық хор ұжымы ІІІ орынды еншіледі. Ал жыр додасында Жетісай ауданынан келген Мұхтар Құралов бас жүлдеге ие болды. Жүлделі І орын Сарыағаш ауданының қатысушы ардагері Әбілсапар Тұрғынбаевқа, жүлделі ІІ орын Арыс қаласының қатысушы ардагері Темірхан Әбдіковке, жүлделі ІІІ орын Қазығұрт ауданының қатысушы ардагері Оңласын Қалауоваға бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табысталды.
Айта кетейік, шараның негізгі мақсаты – ардагерлер қозғалысының белсенділігін арттыру, өнерлі ардагерлердің шығармашылығына қолдау көрсету, алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі мен тағылымды еңбектері арқылы ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеу, жастарға үлгі ету, ардагерлер арасында халық шығармашылығын жандандыру.

 

Previous Post

МҮМКІНДГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҢ 5 ТҮРІНЕН СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА КӨКӨНІС ПЕН БАҚША ӨНІМДЕРІНІҢ 80 ПАЙЫЗЫ ЭКСПОРТТАЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі